Қазалы ауданының қыздар құрамасы баскетболдан І орын иеленді
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ауыл спортшыларының облыстық спартакиадасы биыл Жалағаш ауданында өтуде.«Алтын күз – 2026» XXXIX ауыл спортшыларының облыстық спартакиадасында аудан құрамасы спорттың бірнеше түрінен бақ сынауда.
Баскетболдан өткен жарыста ауданның қыздар құрамасы тартысты ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленді.
Жеңімпаз спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да сәттілік серік болып, аудан абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!












