Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келер күнге артар үміт мол

Келер күнге артар үміт мол

Әні-міне дегенше, қоян жылы да өзіне артылған міндетті тәмамдап, ұлу жылына тапсырар уақыт таяп қалды. Мұндайда сәл дамыл тауып, өткенге көз жүгіртіп өтеміз.
Қоян жылында атқарған жауапты ісімізді дала жануарының жылдамдығына балайтын болсақ, шапшаңдық таныта білдік. Неге десеңіз, білікті ұстаздарымыздың қабілетінің арқасында оқу бағдарламасын меңгерумен қатар түрлі жоба, байрақты бәсеке, айтулы додаларға жүйріктерімізді қосып үлгердік. Мұнымыз нәтижесіз емес.
Мәселен, республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне 24 шәкіртіміз қатысып, 17-сі жеңімпаздар қатарынан көрінді. Бір жүйрігіміз республикалық кезеңге қатысты.
Сол сияқты 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне 34 оқушы қатысып, ғылыми ізденіспен айналысып жүрген 14 қазалылық шәкірт жүлдеге ие болды. Тағы 4 оқушы доданың республикалық кезеңінде тұтас облыстың абыройын қорғайды.
Ұстаздардың 11 жылдық есепсіз еңбегі де елеусіз қалған жоқ. Биыл ҰБТ тапсырған 749 оқушының 645-і мемлекеттік грант конкурсына қатысып, нәтижесінде 517 оқушы ЖОО-да тегін білім алып жүр. Олардың арасынан 34 мектептен 57 түлек «Алтын белгі», 76 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Аудан бойынша ең жоғары көрсеткіш 133 ұпайды құрады. Мұны мақтанышпен айтамыз.
Парасаттылыққа ұмтылған тұлға бір орында тұралап қалмауы керек. «Болдым, толдым» деген адамнан озық нәтиже күту бүгінгі күні әбестікпен пара-пар. Бұл тақырыпқа келгенде қазалылық мұғалімдердің талпынысы көңіл семіртеді. Өйткені, осындағы 2537 педагогтің барлығы білім мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курсынан өткен. Биыл да қаңтар-желтоқсан аралығында 807 педагог заманауи білімін одан әрі жетілдіріп келді.
Осыдан кейін келер күнге артар үмітім еселенетіні рас. Ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарымыз додада топ жаратын шәкірттерді, білім бәйгесінде ие бермейтін дарындарды келер жылы да мінбердің биігіне шығаратынын білемін. Бір терінің пұшпағын илеуге бірлесе кіріскен әріптес ретінде сала қауымына күмәнсіз сенемін.
Беріректегі адамзат тарихының 2024-ші парағы балаларымыздың жарқын жетістіктері мен қуанышты жаңалықтарына көмкерілсін.
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ,
аудандық білім бөлімінің басшысы
23 желтоқсан 2023 ж. 299 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930