Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақын жырларын жаңғыртты

Ақын жырларын жаңғыртты

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, жалынды жырларымен халық жүрегінен орын алған ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығын насихаттау мақсатында Қазалы қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «От ауызды, орақ тілді ақын» атты аудандық байқау өтті.
Руханият пен әдебиетті ұлықтауға бағытталған шараның мақсаты – ақын мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныстырып, оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, өлең оқуға деген ынтасын қолдау және мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту.
Байқау аясында Қазалы қалалық балалар кітапханасының ұжымы тақырыпқа сай кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылығын қамтитын әдебиеттер қойылып, қатысушыларға оның поэзиялық мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді.
Ал оқушылар арасындағы байқау бір кезең бойынша ұйымдастырылып, үміткерлер ақын шығармаларынан өздері таңдаған бір өлеңді жатқа әрі мәнерлеп оқыды. Қатысушылар өлеңнің мазмұнын жеткізу, дауыс ырғағын сақтау, көркем оқу мәнері мен сахна мәдениеті бойынша өзара сынға түсті. Әр қатысушы ақын жырларындағы терең ой мен сезімді көрерменге жеткізуге тырысып, өз өнерін ортаға салды.
Байқауға Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Бекет Табынбаев, Қазалы қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрболат Төлеш және Қазақстанның құрметті кітапханашысы, «Қазақстанның алтын кітабы» төсбелгісінің иегері Толқын Мырзалиева қазылық етті.
Нәтижесінде бас жүлде жалаңтөстік Жібек Аманкелдіге бұйырды. Бірінші орынды кенттік Айзере Бекболатқызы иеленсе, екінші орын Түктібаев ауылынан қатысқан Әсел Жақсыкелдіге табысталды. Ал үшінші орынды кәукейлік Нариман Жалғасбай, шәкендік Сандуғаш Әзілхан және Қ. Пірімов ауылынан қатысқан Әзиза Нұртай өзара бөлісті.
Әдеби байқау оқушылардың ақын шығарма­шылығына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық руханиятқа деген құрметін арттыруға жол ашары анық.
А.ЖҮСІПОВА
13 қазан 2026 ж. 34 0

Қос өрім

13 қазан 2026 ж. 39

Тың туындылар тартысы

13 қазан 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031