Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Намаз оқымайтындардың оразасы қабыл бола ма?

Намаз оқымайтындардың оразасы қабыл бола ма?

Намаз оқымайтын, ішімдік ішетін әрі басқа да күнәлар жасайтын адамның оразасы қабыл болмайды деп кейбір «білгіштер» айтып жатқанда, «Расымен солай ма?» деген сауал бірден оймызға орала кетеді. Негізінде, бұл дұрыс емес. Мұндай пікірлер асыл дінімізге қарама-қайшы келеді.

Егер адам нақты бір күнәларды жасап жүрсе, өзге де күнәларды жасауы керек деу болмайтын нәрсе. Кімде-кім ораза ұстай жүріп, кейбір күнәларды жасап жүретін болса, ораза үшін берілетін үлкен сыйды алмауы мүмкін, бірақ ақиретте «Неліктен ораза ұстамадың?» деген сұраққа алынбайды, өйткені ол ораза ұстау парызын өтеді ғой, енді сол ұстаған оразасының арқасында жасап жүрген күнәларынан бас тартуға мүмкіндік алары ғажап емес. Имам Раббани былай жазған екен: «Тәубеге келу мен барлық күнәлардан бас тарту ұлы нығмет болып табылады. Егер адам барлық күнәсынен бас тарта алмаса да, кейбір күнәлары үшін тәубесіне келер болса ол да нығмет болып саналады. Мүмкін ол тәубеге келу берекесінің арқасында басқа да күнәларынан бас тарту мүмкіндігіне қол жеткізетін болады. Егер әлдебір нәрсеге толықтай қол жеткізе алмайтын болғанда, тым болмаса оның бір жартысына қол жеткізуден бас тартудың қажеті жоқ».

Біздің асыл дінімізде оразаға қарағанда намаз аса маңызды орын алатынына қарамастан, намаз оқымайтындарға: «Ораза ұстамаңдар», - деп айтуға болмайды, себебі намаз оқымай үлкен күнә жасап жүргендер енді ораза ұстамай да күнәға батып кетуі мүмкін ғой...

Егер әлдебір адам кейбір күнәларды жасап жүргенімен де жыл сайын оразасын ұстап, зекетін төлеп жүрген болса, онда оған: «Бұл амалдарыңды тастама», - деп айту керек. Өйткені адам аталмыш құлшылықтарды да жасамайтын болса, онда ол дінімізден мүлде алыстап кететін болады. Белгілі бір себептермен намаз оқи алмай жүрген адамдарды одан ары үрейлендірмей, керісінше, мұндай амалдарды жасау арқылы қандай сыйға қол жеткізетінін айтып қуандырып отыру керек. Хадистердің бірінде былай айтылған: «Кімде-кім өзгелерді Алланың рақымынан үмітін үздіріп, дінге деген жиіркенішін тудыратын болса, соған лағынет болсын. Жеңілдетіңдер де қиындатпаңдар».

Кімде-кім жан-тәнімен беріліп шәһадат айтар болса, сол мұсылман болып табылады. Әлдебір күнә жасап қойғаны үшін ол діннен шығып кетпейді. Міне, әһлү сүннет уәл-жамағат ақидасы осындай. Алайда бұл күнәларға немқұрайлы қарау керек дегенді білдірмейді, өйткені кез-келген күнә адам жүрегіне қара дақ қалдырып отырады әрі Тозақ отында мәңгіге қалудың себебіне айналып кетуі мүмкін. Жоғарыда айтқандарды ескере отырып, кез-келген күнәдан бойымызды аулақ салуға тырысуымыз керек, өйткені Алла Тағаланың ашуы күнәларға жасырылған деп айтқымыз келеді.
02 сәуір 2019 ж. 2 102 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930