Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баға тұрақты, қауіпсіздік мығым болуы тиіс

Баға тұрақты, қауіпсіздік мығым болуы тиіс

“Достық үйінде” облыстық қоғамдық кеңес отырысы өтіп, онда үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе облыстағы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған жұмыс барысы. Бұл жайында облыстық ауылшаруашылық басқарма басшысының міндетін атқарушы М.Өмірбаева мен “Алтын қамба” АӨК” ЖШС-ның тұрақтандыру қоры бөлімінің басшысы Л.Жанасбаева хабарлама жасады.

Сала басшыларының айтуынша, жыл қорытындысы бойынша статистикалық көрсеткіштерде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының индексі 101,1 процентті құрап, еліміз бойынша ең төменгі көрсеткіш болып белгіленген. Сондай-ақ, өткен жылы азық-түлікпен қамтамасыз етуге байланысты өңірлік тұрақтандыру қорына 227,3 млн теңгеге 2524,2 тонна өнім сатып алынса, оның 1500,8 тонна өнімі сатылған. Қазіргі күні тұрақтандыру қорында жалпы құны 237,5 млн теңгенің 3011,2 тонна өнімі бар.

– Қазіргі сәтте Қызылорда қаласының әр мөлтек аудандарында орналасқан әлеуметтік дүкендердің 14-і жұмыс істеп тұр. Оның 5-і тауар өндірушілердің өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұрғындардың сатуына жағдай жасау мақсатында жұмыс жасайды. Қалған 9 дүкен жеке кәсіпкер “Илакбаеваға” жалға беріліп отыр. Бұл әлеуметтік дүкендердегі өнімдердің бағасына апта сайын мониторинг жүргізіліп отыр,– деді облыстық ауылшаруашылық басқарма басшысының міндетін атқарушы М.Өмірбаева.

Жиында облыс аумағындағы су тасқынының алдын алу мәселесі де қозғалды. Ол турасында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы А.Шаменов баяндап, қазіргі таңда Сырдария өзені арнасындағы су шаруашылығы нысандарының жағдайы мен су деңгейінің бірқалыпты екендігін, барлық қауіпсіздік шараларының жасалғандығын жеткізді.

Ал, үшінші мәселе бойынша индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ж.Берденова сөз алып, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аймақта жүзеге асуын тілге тиек етті. Аталған бағдарлама аясында өңірде құны 512 млрд теңгеден асатын 25 жоба іске асырылуда. Бүгінде оның 7-і іске қосылған. Биыл бұлардың қатарына шыны зауыты мен балық өңдейтін цех қосылатын болады. Сондай-ақ, 5 инвестициялық жобаның құрылысы басталмақ. Олар, Шалқия кен орнындағы тау-кен байыту комбинаты, кальцийленген сода өндіру зауыты, тұз өндіру, ілеспе газ өңдеу зауыттары мен қуаттылығы жылына 5 тонна өндіретін ет комбинаты.

Жалпы аймақта атқарылған жұмыстар ауқымы кең. Шара барысында қоғамдық кеңес төрағасы С.Имандосов пен кеңес мүшелері баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Сауалдардың басым бөлігі азық-түлікті тұрақтандыру барысында сырттан әкелінетін өнімдерге байланысты болды. Яғни, өнім сапасының баға мен сәйкестігі, нарыққа әсері. Ең бастысы картоп, сәбіз дақылдарын егуді жергілікті диқандарға беру. Сондай-ақ, Көкаралды қалпына келтіру жөнінде де сауалдар жолданып, нақты жауаптар алынды.
01 ақпан 2019 ж. 1 030 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930