Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурызда азық-түлік бағасы күрт қымбаттап кетпесін - Үкімет басшысы Сағынтаев

Наурызда азық-түлік бағасы күрт қымбаттап кетпесін - Үкімет басшысы Сағынтаев

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 0,7 процентке өсті. «Жалпы, азық-түлік бағаларының 1,4 процентке өскенін атап өткен жөн. Бағалардың ең жоғары өсуі мына тауарлар бойынша байқалады: қырыққабат - 12,7 процентке, пияз - 7,4 процентке, картоп - 5,5 процентке, ал сәбіз 4,5 процентке өсіп отыр. Бұған сақтау шығындары, қыс кезінде қолайсыз жағдайда тасымалдау бағаларының өсуі себеп болды», - дейді министр Тимур Сүлейменов. Оның айтуынша, қарақұмық, бірінші санаттағы жұмыртқа, бірінші сұрыпты ұн, тауық еті, күнбағыс майы мен тұздың бағасы төмендеді. Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ең жоғары өсуі Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе облысында тіркелген. Жалпы, барлық облыстарда осы санаттағы тауарлардың шекті бағадан асып кеткені байқалады.
Ал ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниевтің сөзіне қарағанда, азық-түлік бағаларын бірқалыпты ұстау мақсатында тұрақтандыру қорларының мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет. «Ақпан айындағы мәліметтер бойынша тұрақтандыру қорларындағы азық-түліктің нақты көлемі 8 137 тоннаны құраған. Ал 14 259 тонна азық-түлік тауарлары жаңартуға және жауапты сақтауға берілді. Тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға арналған қаражаттың 4 млрд 423 млн теңгесі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының шоттарында және екінші деңгейлі банктердің депозиттерінде жатыр», - деп атап көрсетті А.Евниев. Үкімет басшысы өз кезегінде азық-түлік бағасын қатаң бақылауды ұстауды тапсырды. «Алда Наурыз мерекесі бар. Осыған байланысты бағалар күрт өсіп кетпесін», - деді Премьер-Министр. Айта кетейік, отырыс кезінде Бақытжан Сағынтаев xалықты баспанамен қамту жағынан қалып келе жатқан өңірлерді сынға алды.
13 наурыз 2018 ж. 1 887 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930