Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Базар бағасы бақылауда

Базар бағасы бақылауда

Күнделікті тұрмысымызда азық-түлік бағасының жөн-жосықсыз қымбаттауына жол берілмегені мақұл. Әсіресе, тұрғындар жиі тұтынатын ұн, нан, сонымен бірге макарон өнімдері, ет, сүт пен көкөністердің бағасы қолжетімді болғанына не жетсін?!
«Әйтеке би кентінің сауда орталықтарындағы атал­ған азық-түліктің сатылу бағамын сараптау, бағаны тұрақтандыру мақсатында не атқарылып жатыр?», «Базар­дағы тауар құнын бақылайтын комиссия және баға нарқын тұрақтандыру қоры бар ма?» деген сауалдарға жауап іздеп, тиісті орындармен хабарластық.
Мамандардың мәлімдеуінше, облыстық тұрақтандыру қорынан жыл басынан бері «Нұр-Дәулет» әлеуметтік дүкен иесі әріптестік келісімшартқа отырған. Соның арқасында 11 айда жалпы көлемі 57,2 тонна азық-түлік заттары нарық бағасынан 10 пайыз төмен бағада жеткізіліп, халыққа тиімді қызмет көрсетті. Оның ішінде: 1 сортты ұн – 5, күріш – 6, қарақұмық – 4, картоп – 25,5, жуа – 6, сәбіз – 3,2, қырыққабат – 1,4 тонна, өсімдік майы 6000 литр, макарон өнімі – 70 келі әкелінді. Облыстық тұрақтандыру қоры арқылы жыл басынан бері барлығы 47,1 тонна көлемінде азық-түлік өнімдері 5 мәрте автокөлікпен жеткізіліп, базардан 15 пайыз төмен бағада сауда-саттыққа шығарылды.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын тұрақтандыру мақсатында аудандағы сауда қатарлары «Фея Перизат», «Ай-Арыс», «Айнұр» сауда орындары мен «Арзан», «Нұрдәулет» көтерме сауда орны иелерімен әріптестік меморандумға сәйкес жыл көлемінде тиімді жұмыстар атқарды.
Аталған сауда орындарына «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық қор» АҚ тұрақтандыру қоры арқылы 19 түрлі өнімді көтерме бағада жеткізу қамтамасыз етілуде.
Нарықтағы тауар бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу үшін азық-түлік бағасын тұрақтандыруда облыс, аудан әкімінің арнайы бекіткен кестесі қабылданған. Бүгінгі күні осы кесте бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жыл басынан бері 11 айда қала, кент, ауылдық округтердің және ауыл шаруашылығы тауар өндіруші­лерінің қатысуымен барлығы 16 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Осындай жәрмеңке Ақтөбе, Қызылорда, Астана, Байқоңыр қалаларында және де аудан орталығында ұйымшылдықпен болып өтті.
Сатылымдағы өнім бағалары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сау­да бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидалары туралы» бұйрығына сай бекітіледі.
Жалпы, ауданда жергілікті өнім өндіру­шілер тарапынан тұрғындарды күріш, ет, сүт, балық өнімдерімен қамтамасыз ету жолға қойылған. Сырттан тасымалданатын ұн, макарон, шімішкі май, көкөніс, картоп, жеміс-жидек түрлері тұрғындар сұранысына сай жыл көлемінде толық қамтылып тұр. Қажетті азықтық тауарлардың басым бөлігі Түркістан, Ақтөбе, Шымкент қалаларынан әкелінеді. Ал шетелдіктермен бәсекелесе алатын «РЗА» АҚ, «Сыр маржаны», «СПК Қызылорда Балық» ЖШС, ЖК «Т.Игіліковтің» шығарған өнімдерін аудан халқы жеткілікті мөлшерде тұтыну мүмкіндігіне ие болып отыр.
Бүгінде аудан әкімдігі жанында бағаны ырықтан шығармаудың жолдарын қарастыратын арнайы комиссия жұмыс істейді. Сонымен бірге аудан әкімінің өкіміне сәйкес азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың нарықтағы бағаларын тұрақтандыру және жүйелі бақылау жөніндегі өңірлік штабы құрылған. Осының нәтижесінде базар қызметінің тұтынушы қауымға тиімділігін арттыру бағытына күш-мүмкіндік жұмылдырылып келеді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
11 желтоқсан 2018 ж. 2 722 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930