Бастауыш пәні мұғалімдері бас қосты
Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияда Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Математикалық күрделі есептер мен логикалық тапсырмаларды тиімді жолмен орындау" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің арналған оқыту семинары өтті.
Жиын математикалық қабілеттері айқын көрінген дарынды бастауыш сынып оқушыларын анықтау, дамыту, қолдау көрсетуді көздейді.
Қатысушы педагогтерге "Артық қалу, жетпей қалу мәселесі", "Комбинаторика" есептерін құрастыру бойынша Имбетова Айжамалдың әдіс-тәсілдерімен танысса,
"Кескінділік тәсілмен" есептердің шығарылу жолдарын талдауда Шүйншалиева Орынкүл өз тәжірибесімен бөлісті.
Ал "Аралық тәсілді" есептеу, шығару жолдарымен Қожалепесова Ләззат, шаршының ауданын есептеудегі оңай тәсілмен №266 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Жасаралова Индира таныстырды.
Оқыту семинарында қатысушы педагогтер "Алтын сақа", "Алтын тұғыр" және "Бастау" математикалық олимпиада есептерімен шығарылу жолдарын ұғынып, жаңа әдіс-тәсілдерін үйреніп қайтты.
#Қазалыақпарат#Қазалыбілім
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат