Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың тиімділігі

"Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың тиімділігі

Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Облыстық оқу орталығының іс-шара жоспарына сәйкес №170 мектеп базасында "Рухани-адамгершілік білім беру бағытында "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың тиімділігі"тақырыбында облыстық семинар-практикумы болып өтті.
Облыстық семинарға Арал, Байқоңыр, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған, Жалағаш аудандарынан, Кызылорда қаласынан өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерді қатысты. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Б.Орымбас пен облыстық оқу орталығының әдіскері Ж.Сыздықова лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі. Аталмыш шараны 249мектеп-лицейдің Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері Р.Жанибек, Б.Сүгірбаева 4 сынып оқушылар арасында бес құндылықты өз дәрижесінде дәріптей білді. Әр қарай білім беру ұйымдарындағы Өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін мұғалімдер өздерінің кәсіби-білікті тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтар болсақ, 16мектеп-лицей мұғалімі Ж.Наурызалиева 4 сынып оқушыларымен "Жақсылыққа жақсылық", №92 мектеп мұғалімі Н.Байділдаева 7 сынып оқушыларымен "Отбасы құндылықтары" тақырыбындағы ашық сабақтар көрсетіп, №90мектеп мұғалімі Ш.Кеулімжай, А.Әбдәли 2 сынып оқушыларымен "Жердің ауа қабаты "тақырыбында, №170мектеп мұғалімдері Г.Кібітова, Ж.Диханова "Озық ойлы Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев" тақырыбында 8 сынып оқушыларымен интеграциялық сабақтарымен бөлісті. Көңіл-күйді көтеру ,сергіту мақсатында №16 мектеп- лицейдің педагог психологы Ә.Тілеуқабылова келген қонақтармен "Көңілді уақыт" психологиялық тренинг жүргізді. №70 мектеп мұғалімі Ж.Айтмағамбетова "Ата-ананың аялы алақаны балаға айдынды қоныс" тақырыбында ата-аналар арасында ағартушылық жұмыстар жүргізіп, №204 мектеп мұғалімі Э.Көшербай ұстаздармен "Адами құндылықтарға бай ұрпақ тарбиелеу - ұстаздық міндет" тақырыбында асерлі жұмысын көрсетті.Жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталған сыныптан тыс шараларды №226 гимназия өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ш.Есбергенова, №16 мектеп-лицей мұғалімі А.Бүршікова, №17 мектептің мұғалімі Ж.Көптілеуова ертегі ,ән,би өнерлерін ортаға салды.Семинар соңында білім бөлімінің әдіскері Н. Аманкелдіқызы келген қонақтармен кері байланыс орнату барысында ағаш,шам,күн бейнесіндегі парақ таратылып, таңдаған бейнеге сәйкес пікірлері мен тілектерін білдірді.Облыстық оқу орталығының әдіскері Ж.Сыздықова семинарда өз тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге және семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін білім бөлімінің әдіскері Н.Аманкелдіқызы сертификатымен семинарды ұйымдастыруда белсенділік танытқан мұғалімдер аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.

16 сәуір 2018 ж. 3 193 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930