Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дене шынықтыру мұғалімдерінің семинары өтті

Дене шынықтыру мұғалімдерінің семинары өтті

Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «Дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің білім беру мазмұнын жаңарту аясында ұстаздардың шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Аталған жиын жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда дене шынықтыру пәні сабағында оқытудың тиімді стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың дене дайындығын дамытуды көздейді. Сондай-ақ, ұстащдар дене тәрбиесі мұғалімдері оқытудың нәтижесінде тиімді әдіс-тәсілдерге қол жеткізу арқылы өздерінің педагогикалық шығармашылығын қалыптастыруға ұмтылды.
Семинарда аудандық білім бөлімінің әдіскері Әбіл Әмірхан және мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Әбілда Қайырбек сөз сөйлеп, семинарға қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Бұдан әрі 9 А сыныбына "Ойын тактикасы және тактикалық әрекеттер" тақырыбында Құрмаш Азамат, 3 А сыныбына "Командалық ойындардағы көшбасшылық" тақырыбында Нұғыманов Нұрлан өз жұмысын ұсынды. Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, сабақтың мазмұнын аша білді.
"Ойын тактикасы.Қосарлы шах" тақырыбындағы үйірме жұмысын Бердібай Бауыржан ұйымдастырды. Оқушылар шахмат ойынының түрлі жеңіс тактикаларын сабақ барысында көрсете білді.
"Ойын техникасының элементтері" тақырыбында футболдан үйірме жұмысын Ізімбетов Мұрат жүргізді. Түрлі облыстық сайыстарды бағындырып жүрген оқушыларды дайындаушы ұстаз ретінде өз тактикаларымен бөлісті. Ал 10 А сыныбына "Доппен топтық тапсырмалар" тақырыбындағы шығармашылық сабақ Жүсіпов Асылбек жұмыс көрсетті.
Семинарға қатысушы 30-ға жуық мұғалім семинар соңында өзара пікір алмасып, білім бөлімінің Алғыс хаты табысталды.
"Қазалы"ақпарат
12 қазан 2023 ж. 537 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30