Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бір елде тұрамыз, бір ауамен тыныстаймыз»: Тоқаев банктерге тілек емес, тапсырма бергенін еске салды

«Бір елде тұрамыз, бір ауамен тыныстаймыз»: Тоқаев банктерге тілек емес, тапсырма бергенін еске салды

Президенттің айтуынша, кредит қысқан соң, шаруалар егінін арзанға сатады
«Бір елде тұрамыз, бір ауамен тыныстаймыз»: Тоқаев банктерге тілек емес, тапсырма бергенін еске салды
Фото: istockphoto.com
Бүгін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктер шаруаларға қолайлы шартпен несие беруге міндетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тоқаев алдымен «бұл жөнінде ұдайы айтып жүргенін», әлбетте, оңай шаруа емес екенін», «өйткені банктер – жекеменшік» екенін атап өтті.
«Осы ретте кредитті шаруаларға қолайлы шартпен ұзақ мерзімге беру қажет. Қарызды өтеу кестесінде нақты өндіріс циклі ескерілуге тиіс және инвестициялық кезеңде негізгі берешектің төлемін кейінге шегеру мүмкіндігі болғаны жөн. Фермерлер кредиттің алғашқы төлемін жабу үшін егінін жинап бола сала, өнімін арзан бағаға сатып жіберуге мәжбүр. Бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен министрлік осы мәселені шешуге кірісуі керек», - деді президент.
Тоқаев бұл сөзін банктер «тілек қана емес, тапсырма деп түсінсе» дейді.
«Өйткені, бәріміз бір елде тұрамыз, бір ауамен тыныстаймыз, бір жердің суын ішеміз. Сондықтан табыста аса үлкен алшақтық болмауы керек. Қаржы көздеріне қолжетімділік туралы түсінікте де айырмашылық болмағаны жөн. Шаруалар да мемлекетіміз көптеген, соның ішінде көрші елдермен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласына орасан зор қаржы құйып жатқанын түсінуге тиіс. Мұнда масылдыққа орын жоқ», - деді Тоқаев.
Яғни, президент бөлінген қаражат мақсатқа сай тиімді жұмсалуы керек деп санайды.



20 қараша 2026 ж. 18 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30