Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары
Сыбайлас жемқорлықпен күрес әлем елдерінің басты назарындағы мәселе. Елдің көркеюіне бірге күш салып, жемқорлықтың тамырын жоюға күрделі жұмыстар жүргізеді. Бізді алаңдатқан осы дерттің тамыры тереңде жатыр. Еліміздің ілгері дамуы үшін, сыбайлас жемқорлықтың өзегін жоюымыз керек. Қоғамға сіңіп кеткен кеселдің бізге тигізер зияны орасан зор.
Халықтың санасындағы мәселені шешу жолы – пара беру болып табылатыны сөзсіз. Оны жоққа шығара да алмаймыз. Өйткені,көпшілігінің құқықтық сауаты жоқтығы мен заңның қатал талаптарын білмейтіндігі салдарынан жемқорлық бүгінгінің брендіне айналған. «Береміз,мәселені шешеміз» осы жеңіл ойдың кесірінен пара беруші мен алушы тарап та заңға қайшы әрекет етіп жатқандарын ескермейді. Сондықтан жемқорлық бар жерде, білім де,өсу де, даму да болмайды,тіпті әлем елдерімен теңесуді ойлаудың өзі қорқынышты болмақ.
«Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» ата заңымызда қатаң түрде ашық баяндалған. Оның жазасының ауырлығы да атап көрсетілген. Сонда да біздің елде неге тоқтау жоқ? Ұлт санасы соншалық қараңғы ма? Бізден 30 жыл алда дамып кеткен әлем елдерінің осы парақорлықпен күресу жолдары қарқынды, жемқорлықтың жазасы өлім болып табылады. Олардың ұлттық идеологиясы қалыптасқан, саналы түрде заңмен жұмыс жасайды. Сауатты түрде мәселені шешу жолын қарастырған. Сондықтан қазақ халқы үшін жемқорлықпен күресуге үлкен толқын керек.
Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне осы жемқорлықпен күресудің жолдарын ашық жеткізуіміз қажет. Болашақ зардабы мен жазасы қандай болатынын жете түсіндіруіміз керек. Сонда да сыбайластыққа қарсы түрлі шаралар ұйымдастырылып, үздіксіз күрестер болып жатқаны айқын. Қазақ халқы үшін сыбайластықтың арнасы алыста, тамыры тереңде жатқандай. Себебі нәтежиеге жете алмай келеміз.
Елбасы жыл сайынға халқына жолдауында осы сыбайлас жемқорлықпен күресу қоғамдағы басты міндет екенін атап көрсетеді. Оны жүзеге асырушы елдегі бір қатар лауазымды өкілдер мен жергілікті аймақтардың қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, сонымен қоса парақорлыққа қарсы түрлі шаралар өткізеді.
Дүние, байлық неге керек, денсаулығың болмаса, құр іс шара кімге керек ,жемқорлықты жоймаса. Жемқорлықпен күресу жолында ең әділ шешім шығаратын сот төрелігі. Сондықтан бүгінгі сот жүйесіне қатаң тәртіп керек. Заң ортақ, қоғам ортақ, бірақ адамдардың санасы әртүрлі.
Жемқорлықпен күресу жолында сананы қалай қалыптастырамыз? Қоғамда жемқорлықты жою үшін ең әуелі адам өз құқығын жетік білуі тиіс. Мектеп кезеңнен бастап оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, кең қарқынды түсініктемелер қажет болады. Сондай-ақ отбасы мүшелерінің баланы тәрбиелеу барысында балаға қоғамдағы, ортадағы құқықтарын жекелей түсіндіруі қажет. Бұл еліміздегі әрбір тұлғаның отан алдындағы борышы болып саналады. Сыбайлас жемқорлық жойылған болса еліміздің өркендеуі қарыштап, білім деңгейміз әлем елдерінен озық, технологиямыз тозбай, жалқаулығымыз озбай, жер қойнауындағы барша байлығымыз жеті ұрпағымызға дейін жетіп, Жапония, Қытайлармен теңдесіз теңесіп отырар едік. Сондықтан жастарға парақорлықтың түбі қорлық екенін санасына құйып, өз құқықтарын жете түсіндіруіміз керек. Жемқорлықпен күресу үшін, әрбір тұлға өзімен күресуі тиіс. Жемқорлықпен бетпе-бет келген тұста, тура жол тауып, әділдікке бет бұруы керек. Сонда ғана елімізде жемқорлық деңгейі бәсеңдейді.
Бармақ басты, көз қысты қылмай өткен бабалар заманында Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би сынды әділ төрешілеріміздің төрелігімен талай қиын мәселелер шешімін тапқан еді. Қазақ болып қалыптасуымызға, қанымыз да, жанымызда текті болуы ата бабамыздың әділ төрелігі мен қайсар мінезінен деуге болады. Сара жолды сақтап, баба жолын жалғап қай істе де әділ бола білсек, біз шешпейтін мәселе қалмас. Сыбайлас жемқорлықпен күресте ел болып бірлесе атқарар шара көп. Қай кезде де білімді жастар өзіне сенсе, парақорлықтың лебі болмайды. Билік те, халықта осы мақсатта айқын болуы міндетті.
Парақорлық пен күресу үшін бізге көрсетілген 1424 номері үздіксіз жұмыс жасайды. Көзіңіз жетіп тұрса, жүзеге асқалы отырған жемқорлықты сіз тоқтата аласыз. Ең бастысы сенімділік, нақтылық. Осындай айтуылы шаралар жүйелі жүргізіліп, құқықтар қорғалып жатса,жүйесін тапқан іс болмақ.
Бірқатар елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Дания, Швеция, Канада, Финляндия, Норвегия, Исландия, Жапония, Германия, Израиль сынды мемлекеттер та-бысты жүргізіп келеді. Олар сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп есептейді. Мәселен, 1995 жылы Ұлыбританияда Нолан комиссиясы жемқорлықтың алдын алатын 7 қағиданы қабылдаған. Олар: Риясыздық. Сатылмастық. Әділдік. Есептілік. Ашықтық. Арды, абыройды сақтаушылық. Басшылық. Міне, осы қағидалар арқылы бүгінгі таңда Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттері өзінің жемісін бере бастаған. Біздің елде де осындай құндылықтарға бағытталған нақтылы бағыттар мен әлемдік тәжірибедегі жемқорлықпен күресу тәсілдерінің ата жолын қалыптастырумыз керек.
Айсұлу НАСЫР