Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Қазіргі таңда еліміздің экономикасының дамуына залалын тигізетін індет – ол сыбайлас жемқорлық. Осы індеттің кесірі елімізді әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіне кері әсерін тигізуде.
Сыбайлас жемқорлықтың түп–тамырымен жою, оның ұлғаюына жол бермеу үшін көптеген талаптар қойылып, алдын ала шаралар жасалып жатыр. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мекемелер басқа елдің сыбайлас жемқорлықпен күресу тәжірбиелеріне сүйеніп, әр түрлі шаралар мен модельдерді үйлестіре отырып, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейтуде. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы басты назар оның алдын алуға, мемлекет пен қоғамның күшін сыбайлас жемқорлықты барынша азайту жолын ұштастыруға бағытталған. Сол үшін барлық азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы кесімді күрес жүргізіп, қоғамды тек ғана пара алу емес, пара беру індетінен арылту үшін аянбай атсалысуға міндетті екенін ұғынуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында, азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстімдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндетті екенін айтты. 2021 жылы шенеуніктердің саны 25 пайызға қысқыртылып, үнемделген қаражат есебінен қалған қызметкерлердің жалақысы көбейтілетіні айтылған, себебі еңбекақысы аз мемлекеттік қызмет жемқорлыққа әкеп соқтырып отыр. Мұндай жоба мемлекеттік қызметшілердің құлшынысын арттырып, жауапкершілігін нығайта түседі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін көп қызметтер цифрландырылып жатыр. Осының бәрі сыбайлас жемқорлықтын алдын алу. Жемқорлығы жоқ елдің болашағы зор.

Д.Келдибаева, Маңғыстау облысы бойынша
Қазынашылық департаменті басшы орынбасары

04 тамыз 2023 ж. 225 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 138

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 143

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 153

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031