Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көп болып күресейік

Көп болып күресейік

Жемқорлық, коррупция латынның “corruptio” – сатып алу деген сөзінен шыққан. Кез келген мемлекетті жегідей жеп, жетістігін жоққа шығаратын әлем дерті. Бұның емі – құқықтық сауаттылықты арттыру, халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу болып табылады және байлықты басты құндылық санайтындардың түсінігіне төңкеріс жасау.
Сыбайлас жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес, ұлттың қауіпсіздігіне төнген үлкен қатер. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардабын жою, алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет.
Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік таныту қажет. Пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс саналатын жағдай, қоғамдық сана қалыптастыру қажет.
Парақорлық – билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді. Заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделеріне кедергі келтіреді.
Қазіргі таңда елімізде парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен бүкіл қоғам болып күресу керек. Осы ретте халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Әрбір қазақстандық өз құқықтарына өздеріне қарсы қандайда қайшы іс-әрекеттер жасалған жағдайда қорғана білуді толық білуі қажет. Ол үшін әрине, елімізде қабылданған әрбір заңға мұқият назар аударып, заман ағымына сай білімді болып, адал қызмет жасауға ұмтылған жөн.
Ақмарал ӘЛИЕВА,
Аранды ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы
11 ақпан 2020 ж. 805 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 62

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 52

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930