Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Startup Joly» бағдарламасы басталады

«Startup Joly» бағдарламасы басталады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы «Startup Joly» бағдарламасын ұйымдастыруда.
Бағдарлама аясында қатысушылар 1 ай аралығында кәсіпкерлік бағыты бойынша тегін білім алады.
«Startup Joly» инкубациялық кезеңінің жүлде қоры – 2 000 000 теңге.
Сонымен қатар, стартап жобаларын идея сатысынан прототипке дейін жеткізіп, инвесторлар тарапынан қосымша қаржы тарту мүмкіндігіне ие болады.
Бағдарламаның мақсаты − инновациялық стартаптар мен кәсіпкерлік бастамаларды қажетті ресурстармен, біліммен және қолдаумен қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің әртүрлі аспектілері, соның ішінде идея, маркетинг, сату, қаржы және құқықтық мәселелер бойынша дағдыларды арттыру.
Инкубациялық кезеңнің түлектеріне сертификат табысталады. Сертификат арқылы «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің» 100 млн теңгеге дейінгі гранттық қаржыландыру бағдарламасына қатыса алады.
Бағдарлама туралы www.kyzylordahub.kz сайтынан және @kyzylordahub инстаграм желісінен толық ақпарат алуыңызға болады.
Ал кәсіпкерліктің әртүрлі аспектілері, соның ішінде идея, маркетинг, сату, қаржы және құқықтық мәселелер бойынша толық білім алып, жобаларын дамытқан қатысушылар Demo Day аясында инвесторларға жобаларын таныстырады. Үздік жобаларға қаржылай сыйақы табысталады. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысқанын растаушы сертификат беріледі. Сол арқылы «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің 100 миллионға дейінгі гранттық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады. Бизнесін дамытқысы келетін және сол үшін жеңілдікпен несие алсам деген жандар үшін мемлекеттік бағдарламалар тиімді.
07 тамыз 2023 ж. 238 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 140

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031