Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп бітіруші түлектер арасында стартап жобалар байқауы өтеді

Мектеп бітіруші түлектер арасында стартап жобалар байқауы өтеді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мектеп бітіруші оқушылар арасында «Startup Talapker» атты стартап жобалар байқауын ұйымдастырмақ. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқау Қызылорда облысындағы мектеп түлектерін кәсіпкерлікке баулу, инновациялық стартап жобаларды қолдау мақсатында өткізіледі.
Сайысқа өңірді дамытуға үлес қосатын, инновациялық әдістер мен технологиялар қолданылатын стартап жобалар қатыстырылады. Жобалардың шектелген бағыты жоқ. Сондай-ақ, әлеуметтік жобалар байқауға қатыстырылмайды.

«Startup Talapker» байқауы облыс бойынша алғаш рет ұйымдастырылуда. Байқауғаоблыстағы барлық аудан мен қала (Қызылорда, Байқоңыр) мектептерінің 11(12) – сынып оқушылары қатыса алады. Сайысқа қатысу үшін 11 (12) – сыныптың екі немесе үш оқушысы топқа бірігіп, тек бір жобаны ұсына алады. Бір мектептің атынан қатысатын топтардың саны шектеусіз, – деді университеттегі «Business Start» жастар кәсіпкерлігі орталығының басшысы Жанарыс Тубекбаев.

Байқау 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында өткізіледі. Байқауға қатысушылар 15 сәуірге дейін https://www.startuptalap.kz/ сайтында тіркеліп, толық ақпаратпен таныса алады.

Айта кету керек, сайыс 3 кезеңнен тұрады. Онлайн форматты өтетін өтінім қабылдау кезеңінде қатысушылар сайт арқылы тіркеледі. Мұнан кейін онлайн форматта жартылай финалға қатысып, іріктеуден өткен жобалар ЗУМ-сессия арқылы қорғалады. Ал, үшінші кезеңде қатысушылар жобасын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында қорғайды.

Байқауда І орын иеленген топ мүшелеріне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алуға 100 пайыз жеңілдік беріледі. Ал, ІІ орын иеленген топ мүшелеріне осы университетте білім алуға 50 пайыз жеңілдік, ІІІ орын иеленген топ мүшелеріне осы университетте білім алуға 25 пайыз жеңілдік беріледі.
Байқаудың серіктестері – Қызылорда облысының білім басқармасы, «Syr Jastary» облыстық жастар орталығы, «Ybyrai» қоғамдық қоры және «Syr Umiti» қоғамдық қоры.
05 сәуір 2022 ж. 635 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930