Табиғатқа тазалық тән
Қазалы ауданында көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары басталды. Бүгінгі сенбілікте Әйтеке би кентіне кіреберіс, теміржол өткелдері, қазақ қорымы, айналма жол мен орталық көшелер тазаланды.
Мемлекеттік мекемелер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет үйінің қызметкерлері мен мекеме-кәсіпорын ұжымдары тазалық жұмыстарын белсенді жүргізді.
Сонымен қатар аяқ жолдарды тазарту, ағаштардың түбін әктеу, қоқыстар мен арықтарды тазалау жұмыстары атқарылды.
Мұхтар Оразбаев жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.
Аудан басшысы көркейту-көгалдандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарын күнделікті бақылауға алып, тиісті шаралардың сапалы орындалуын қатаң тапсырды.
Бүгінгі тазалық жұмыстары Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы мен барлық елді-мекендерде ұйымдастырылды.«ҚАЗАЛЫ» ақпарат