Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығармашылық қабілетті шыңдаған

Шығармашылық қабілетті шыңдаған

«Аққоян» бөбекжай-балабақшасы Қазалы ауданына қарасты Жанкент ауылында 2009 жылдың желтоқсан айында ашылды. Сол кезде 50 бала қабылданды. Араға төрт жыл салып, балабақша ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Жаңадан екі топ қосылды. Бұл кезде бала саны 90-ға жетті.
Балабақша әр жаңа оқу жылынан бастап жазғы сауықтыру шараларына дейін түрлі мерекелік іс-шаралар өткізеді. Бұнда «Ақжүрек», «Балбөбек», «Балдырған», «Балдәурен» топтары бар. Ересек топтағы тәбиеленушілер «Сиқырлы қалам», сурет, «Мен әнші боламын» ән, «Шебер қолдар» қолөнер үйірмелеріне қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды.
Балабақша меңгерушісі Шаттық Сапарбайқызы бұл салада 13 жылдан бері басшылық қызметте. Жүзі жылы, жайдарлы мінезді жан алдымен балабақша жұмысының жоғары өрлеуіне аянбай үлес қосып отырған жұмысшы-қызметкерлердің еңбегін айрықша айтып өтті.
Бірлік пен ынтымақты, тәртіп пен тазалықты сүйетін ұжымдағы әрбір жанның орны ерекше. Есепші Бақытгүл Құтжанова еңбек ақының дер кезінде қызметкерлердің қолына тиюін, шаруашылық меңгерушісі Айнагүл Баймағанбетова күнделікті балалардың тамағы уақытылы әрі сапалы берілуін, жылу жүйесінің сапалылығын қатаң қадағалайды. Ал техникалық қызметкерлер Бейбігүл Игілік, Гүлзира Бөлегенова, Қайрат Көбегенов, Еркебай Медетов, Мейрамбек Әлимаевтар ғимарат ауласына егілген тал, жеміс-жидектер мен гүлдердің жайқалып, өсіп, жанға сая сыйлауына үлес қосады. Психолог Жеңіскүл Меңдібаева өткізген түрлі тренингтер бүлдіршіндерге сергіту сәтін сыйлайды. Мейіркеш Мадира Сағындықова таңертең балаларды қабылдап, тазалықтары мен дене қызуын тексереді. Тамақтың сапасы мен оның қалай дайындалып жатқандығын қадағалау да мейіркештің міндетіне кіреді.
Светлана Сырманова, Жанна Аязбаевалардың еңбегін балабақша ішіндегі мұнтаздай тазалыққа қарап-ақ аңғарасыз. Тәрбиешілердің көмекшілері Әсия Қалжанова, Ғалия Аралбаева, Гүлзат Есмаханова, Ұлболсын Мырзалиевалар бала жанының нағыз бағбаны. Дәмі тіл үйіретін тәтті тағамдармен тәрбиеленушілерді үнемі таңғалдырып отыратын аспазшы Задаш Абзалова, Зибаш Қожақова, Гүлжайна Қалқамановлар балдырғандардың ең сүйікті апайлары.
Баланы бастан өнер-білімге баулитын тәрбиешілер аудандық облыстық, республикалық жарыстарға балдырғандарды үнемі қатыстырып отырады. Әрі жүлдемен оралады. «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты республикалық байқауда үздік шығармашылық жұмысымен тәрбиеленуші Айзере Мырзамұрат және Ақкербез Әбілқайыр бірінші дәрежелі дипломды жеңіп алды. Оларды өнерге баулыған жетекшілері Гүлназ Әбдікемалова мен Шаттық Көбеген. Осы сайысты Аяулым Бимырзақызы екінші дәрежелі дипломға қол жеткізді. Жетекшісі Нұргүл Айзақова. Республикалық «Жас дарын» дарынды балалар орталығы ұйымдастырған «Самға Самұрық VIII» байқауында «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша Айзере Дінислам бірінші орын, «Қолөнер» номинациясында Айдәулет Қозыбағар бас жүлдені иеленді. «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты республикалық байқауда «Қолөнер» аталымы бойынша Әдеміай Серіктің туындысы бірінші орынға лайық болды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер мен білім алушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Білім беру саласының көшбасшысы» атты республикалық байқауда тәрбиеші Ақмарал Кадирова бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Білім беру саласына қосқан елеулі еңбегі үшін Зияш Өмірзақова облыстық кәсіподақ комитеті төрайымының «Құрмет» грамотасын иеленді. Республикалық «Үркер» зияткерлік орталығының директоры Данагүл Құрақбаеваға жас өреннің бойына білімге құштарлық нәрін себе білгені үшін «Алғыс» хат берді. «Бақытты бала әлемі» II республикалық байқауында шәкірті ерекше дарынымен көзге түскен Мөлдір Сарман «Үздік тәрбиеші» атанды. Халықаралық «ПОНИ» сайысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған Дәметкен Жиенбаева, Бақыт Аязбаева арнайы диплом иеленді. А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық педагогикалық шығармашылық олимпиадасында Нұргүл Айзақова екінші орын алды. Тәрбиеші Аманкүл Өтепбергенова білім басқармасының алғыс хатын алды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында республикалық балалар арасында мәнерлеп оқу сайысында Ақнұр Әлиева дайындаған тәрбиеленуші Нұрсәуле Нұрлан бірінші орын иеленді.
Жіпке тізсек, жетістіктер жетерлік. Тәрбиешілер де тәрбиеленушілер де талаптың тұлпарын мініп, талай белесті бағындырарына бек сенімді. Бар білімнің баспалдағына баланған балабақшада басты талап – тәрбие мен тәртіп екенін аққояндықтар ерекше атады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
02 желтоқсан 2022 ж. 647 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031