Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа балабақша бой көтерді

Жаңа балабақша бой көтерді

Қазалы қаласының батыс беткейінде жаңа балабақша құрылысы басталды. 140 орынға арналған тәрбие ошағының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Келешек мұнда «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы қоныс аудармақ.
Құрылысшылар жаңа нысанның іргетасын қалап, кірпіштерін өру жұмыстарын жүргізуде. Мердігер мекеменің жауапты мамандары құрылыс жұмыстарына ешқандай кедергілердің жоқ екенін атап өтті. Ғимарат басындағы жұмыстың жайымен танысуға арнайы барған аудан басшысы Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшылары мен мердігер мекеменің жауапты қызметкерлеріне балабақша құрылысы сапалы жүргізіліп, белгіленген кестеге сәйкес жүру қажеттігін тапсырды.
№3 «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы Қазалы қаласында ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. 1-5 жас аралығындағы 90 бала 4 топта ерте жас, кіші, ортаңғы және ересек топта тәрбиеленуде. Бұнда 19 тәрбиеші-педагог оқу-тәрбие жұмысымен айналысады. Балабақша маман кадрлармен толық қамтылған. Психолог, логопед, дене тәрбиесі жетекшісі, хореограф, музыка жетекшісі мамандары тәрбиеленушілермен жан-жақты дамыту бағыттары бойынша жұмыс жасайды. 1 ІІ санатты-басшы, 6 педагог сарапшы, 3 педагог модератор, 2 І санатты, 5 ІІ санатты, 2 санатсыз тәрбиеші-педагог қызмет етеді. Тәрбиеші-педагогтар заманауи инновациялық технологиялармен, жаңартылған білім беру мазмұны және инклюзивті білім беру бағыттары бойынша курстарынан өтіп білімдерін жетілдіріп отырады. Балабақшада балалардың күні бойы өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін түрлі ресурстармен толықтырылған дамытушы орталар бес білім беру саласы бойынша талапқа сай жабдықталған.
Балабақша балаларды жан-жақты дамытуға арналған интерактивті құралдармен, зерттеу­ге арналған лабораториялық құралдармен, лего құрастырғыштармен, заманауи электронды ойыншықтармен, робототехника құралдарымен, «Кюизенер таяқшалары» заманауи жабдықтарымен, электронды кітаптармен жабдықталаған. Тәрбиешілер бұл мүмкіндіктерді оқу-тәрбие процесінде тұрақты, нәтижелі қолданып отырады.
Тәрбиелеу мен білім беру процесінде инновациялық технологиялар жобалау-зерттеу, робототехника, ойын, АКТ, «Кюизенер» таяқшалары, «Фребель сыйы», Воскогович, Мнемотехнология, тағы басқа тиімді технологияларды қолданамыз. Бүлдіршіндердің жеке дара қабілеттері, қызығушылықтары және ата-аналардың сұранысы бойынша балалардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Бүлдір­шіндердің шығармашылығын дамыту, «Жас зерттеушілер», «Робототехника», «Кюизенер таяқшалары» вариативтік компоненттері, «Әнші балапан», «Сымбат» би , үйірмелеріне балалар қызығушылықпен қатысады.
Нәтижесінде тәрбиешілер мен тәрбиелену­шілеріміз өз шығармашылықтарын көрсетіп, түрлі қалалық, аудандық, облыстық, респуб­ликалық іс-шараларға, сайыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.
– Жуырда жаңа балабақша бой көтерді. Бұл жаңалыққа ұжым болып қатты қуандық. Балалардың бойында қазіргі заман талабына сай 4К моделін: креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды, командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда аянбай, сапалы еңбек ете береміз. Балабақша баланың ақыл-ойы мен білімін жетілдіретін орда. Біздің мақсатымыз – бүлдіршіндерді бүгіннен бастап, білімге құштар болуға баулу. Жаңа ғимарт ұжымның одан әрі сапалы жұмыс істеп, өнерлі өрендер тәрбиелеп шығаруына зор септігін тигізеді деп сенемін, – дейді балабақша меңгерушісі Анар Кеулімжаева.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

14 маусым 2022 ж. 734 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930