Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айыппұлдың бар-жоғын енді «e-Salyq Аzamat» мобильді қосымшасында тексеруге болады

Айыппұлдың бар-жоғын енді «e-Salyq Аzamat» мобильді қосымшасында тексеруге болады

Айыппұлды тексеру функциясы «e-Salyq Аzamat» мобильді қосымшасында пайда болды. Осылайша, қосымша интерфейсінде қазақстандыққа қажетті барлық сұраныстарды шоғырландыра отырып, қызмет аясын кеңейтті.

«е-Salyq Azamat» әзірлеушілері қолданыстағы қызметтерге әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін төленбеген айыппұлдарды тексеру мүмкіндігін қосты. Қосымша арқылы айыппұл түрін және мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, «реквизиттер бойынша төлеу» қызметінде жүзеге асыру мүмкін. Бұл функция қол жетімді болуы үшін AppStore және/немесе PlayMarket -те мобильді қосымшаны жаңарту қажет (мобильді құрылғы моделіне байланысты).
Қазіргі кездегі ең сұранысқа ие қызмет – Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде декларацияны тапсыру қызметі. «е-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болады. Авторизация әдістері туралы ақпарат мобильді қосымшада бар. Қосымшаны пайдалану бойынша қадамдық нұсқаулар МКК YouTube каналында орналастырылған. Толығырақ ақпаратты ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе «1414» телефоны бойынша алуға болады.
Н.ЕРЖАНОВ,
Қазалы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы 
26 қазан 2022 ж. 361 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031