Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер мен мүлік салығын қалай төлеуге болады?

Жер мен мүлік салығын қалай төлеуге болады?

2021 жылғы 1 қазанға дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек. Қазақстандықтар салықты E-salyq Azamat, Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшалары арқылы төлей алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, өткен жылғы мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады. «Салықтың сомасын E-salyq Azamat мобильді қосымшасы және kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінен білуге болады. Сондай-ақ тұрғындар E-salyq Azamat, Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшалары арқылы салықты төлей алады», - деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салығы біріктірілді. Осыған байланысты салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша бірыңғай сомамен төленеді.

13 тамыз 2021 ж. 772 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 305

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031