Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүлік салығын төлеу мерзімі ұзартылды – бүгін соңғы күн

Мүлік салығын төлеу мерзімі ұзартылды – бүгін соңғы күн

Жеке тұлғалар үшін мүлік салығын төлеу мерзімінің соңғы күні 3 қазанға ауыстырылды. Ал ертеңнен бастап өсімпұл жүреді, деп хабарлайды sputnik.kz мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Салық кодексінің 38-бабы, 2-тармағының ережесіне сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.
"Сондықтан 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады. Ертең, яғни, 4 қазанда өсімпұл есептеле бастайды", - дейді комитет мамандары.
Айта кетері, салық сомасын kgd.gov.kz сайтында және E-salyq Azamat мобильді қосымшасында "Алдағы төлемдер" сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады.
Салық бойынша берешектің бар-жоғын "e-Salyq Azamat" (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге мүмкіндік бар.
03 қазан 2022 ж. 449 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 105

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930