Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді

Биыл жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді

Жеке тұлғалар үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, төлеу мерзімі биыл 3 қазанға ауыстырылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Салық кодексінің 38-бабы 2-тармағының ережесіне сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.
Сондықтан 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салық төлей алады. Өсімпұлды есептеу ертең, яғни 4 қазаннан басталады.
Есептелген салық сомасын «kgd.gov.kz» сайтында және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларынан білуге болады.
Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін «e-Salyq Azamat» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.
03 қазан 2022 ж. 421 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 144

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 161

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 160

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031