Балалар жылына базарлық
Балалар жылы аясында ауданда бірқатар ойын мен спорт алаңдары балғындарға тарту етілді. Сол секілді өткен жұма күні тікелей аудан әкімі Мұхтар Әуесұлының қолдауымен және жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен Сарбұлақ ауылында саябақ ашылып, Әйтеке би кенті мен Байқожа елді мекенінде спорт алаңдарының лентасы қиылды. Оған қоса мұның ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында ел игілігіне берілгені қуанышты еселей түсті.
Сарбұлақ ауылындағы саябақ пен Әйтеке би кентіндегі спорт алаңының ашылуына арнайы барған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөз сөйлеп, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
– Бала – біздің болашағымыз. Балалар жылына орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудандарда бюджет көздерінен тыс, демеушіліктің есебінен спорт және ойын алаңдарын салу жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл тапсырма Қазалы ауданында толық жүзеге асырылды. Бүгінгі күні Сарбұлақ ауылында саябақ, Әйтеке би кентінде 2, Байқожа елді мекенінде 1 спорт алаңы және аудан орталығында 1 балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек тағы да жерлес кәсіпкер азаматымыз Темірхан Кенжебаевтың демеушілігімен Аранды ауылынан спорт және балалар ойын алаңы құрылысы жүргізіліп жатыр.
Жалпы бүгін Қызылорда облысында балалар жылына тарту ретінде аймақ басшысының бастамасымен қала мен аудандарда демеушілердің қолдауымен құны 1.6 млрд. теңгеге бір мезетте 80 спорт ойын алаңы ел игілігіне берілді, – деді аудан басшысы.
Шалғайда жатқан Сарбұлақ ауылындағы саябақ осы ауылдың төл тумасы, жеке кәсіпкер Ержан Дәріқожаевтың демеушілігімен ашылды. Ауыл тұрғыны, зейнеткер Ұлжан Қарымсақова кәсіпкерге өз ризашылығын білдірді.
– 25 қазан – Республика күніне байланысты Махамбетқайыр атамыздың атындағы саябақ ашылып жатыр. Бұл саябаққа себепші болған – баласы Марат, немересі Ержан. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді ғой, марқұмның ұрпақтарына алғысымыз шексіз. Оның үстіне осындай керемет күнде арнайы келіп, қуанышымызға ортақтасып жатқан аудан әкіміне де разымыз. Мұның өзі ауыл халқына деген сыйластық деп білеміз. Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – дейді ақжаулықты ана.
Бұл күні Әйтеке би кентіндегі спорт алаңын жергілікті кәсіпкер, «Намыс құрылыс» ЖШС директоры Әбдімәлік Өтеулиев салып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берген болатын.
– Міне, бүгін спорт алаңы ел игілігіне беріліп жатыр. Қазір ауданымызда спорт алаңдары көптеп салынуда. Осы алаңдарда мақтанышымызға айналатын жастардың жетілетініне біз сенеміз. Алдағы уақытта Әбдімәлік Өтеулиев сынды кәсіпкер азаматтар демеушілік жасап, алаңдар көптеп тұрғызылатын болса балаларымызға бақыт сыйлаған болар еді. Тұрғындар атынан игілікті іске ұйытқы болған азаматтарға алғыс білдіреміз, – деді 5-ші квартал аумағының тұрғыны.
Айта кетейік, Майлыбас ауылдық округіне қарасты Байқожа елді мекенінде де демеушілердің қолдауымен спорт алаңы ел кәдесіне берілді. Жаңа нысанның салынуына ауыл халқы мен балалар дән риза.

Абзал ЖОЛТЕРЕК