Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Қазалы қаласының жастарымен кездесті

Аудан әкімі Қазалы қаласының жастарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласының жастарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесуге келген жастар аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа Б.Қосаев көшесінің аяқ жағында орналасқан бос орынға балалар ойын алаңы мен 40х20 метр болатын кіші футбол ойнайтын алаң салып беруді сұрады.
Аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Жәнібек Жұбанғанов ойын алаңы мен спорт алаңы салынатын орынға қала жастарының күшімен 100-ге жуық машина құм төгілгенін жеткізді.
Кездесу барысында Жасарал Сералиев, Рахманберді Исмағұлов та сөз сөйлеп, бірқатар ұсыныстарын айтты.
Жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған Мұхтар Әуесұлы ауданда спорт алаңдары мен кешендерін салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. Алдағы уақытта Қазалы қаласы бойынша екі спорт кешенін салу жоспарда бар тілге тиек етті. Оның бірі мемлекет қаржысына салынса, екіншісі жеке кәсіпкердің есебінен салынады.
Ал, жастардың Б.Қосаев көшесіне спорт алаңдарын салу жөніндегі ұсынысына сәйкес аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевқа жоба-сметалық құжаттарын дайындап, қаржысын есептеуді тапсырды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жастарды спортпен шұғылданып, қоғамға пайдалы жұмыстармен айналысу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Еркін форматта өткен кездесуде аудан прокуроры Дарын Әбіш, аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Кабизов жастар арасындағы топтық төбелестің алдын алу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
#Қазалы
14 қыркүйек 2022 ж. 533 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031