Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» 400-ден астам партиялық бақылау бекетін ашады

«AMANAT» 400-ден астам партиялық бақылау бекетін ашады

Сайлауалды уәделердің орындалу барысын жүйелі бақылап отыру үшін «AMANAT» партиясы ел аумағында 400-ден астам партиялық бақылау бекетін ашады. Ең алдымен, проблемалық, әлеуметтік нысандар бақылауға алынады.
«Тамыз айының соңына дейін еліміздің барлық өңірінде 400-ден астам бекет ашу жоспарланып отыр. Бүгінде мұндай бекеттер 114 білім беру нысанында ашылды. Оның көмегімен құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақтылы берілуін бақылауға болады. Осылайша, жергілікті жерлерде партия сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына жүйелі бақылау күшейеді», – деп атап өтті «AMANAT» партиясының Хатшысы Жігер Қалиев.
☑Айта кету керек, әрбір нысанда техникалық паспортқа ұқсас шағым немесе өтініш жіберуге болатын жауапты тұлғаның байланыс нөмірлері бар тақтайша орнатылады. Жұртшылықты көптеп тарту және партиялық бақылау бекеттері жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында оның құрамына мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, блогерлер, «AMANAT» партиясы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен белсенді мүшелері кірді.
✔Осы аптада Ақтөбеде партиялықтар бақылау бекетін ашып, Есет батыр ауданында жүріп жатқан мектеп құрылысының барысын тексерді. Тұрғындар саны ұдайы өсіп келеді. Тиісінше, жақын маңдағы мектептерде орын саны жетіспейді. Құрылыс 2017 жылы басталғанымен, әлі аяқталған жоқ. Мердігерлер бұған пандемияны, дағдарысты және құрылыс заттарының қымбаттауын кінәлап отыр.
«Оқу жылының басталуына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды. Алайда 1 қыркүйекте оқу процесі басталады деп жоспарлануда. Мектеп екі ауысымда 1800 оқушы қабылдай алады. Сайлауалды бағдарлама аясындағы басқа да нысандар тәрізді бұны да ерекше бақылауға аламыз», – деді Ақтөбе қалалық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Талғат Хамитов.
✔Қызылорда қаласында «Бәйтерек» шағын ауданындағы мектеп құрылысы кестеден бір жылға жуық уақытқа артта қалып келеді. Бұған – қаржының уақтылы бөлінбеуі себеп болып отыр. Мердігерлер білім беру мекемесін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланғанын жеткізді.
«Шағын ауданда 4,5 мыңнан астам адам тұрады. Бәрінің балалары бар. Оларды алысқа апару ыңғайсыз. Екінші тоқсаннан бастап балалардың жаңа мектепте білім алуына жағдай жасауға тырысамыз», – деді Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Жорабек Нұрымбетов.
✔Осы күні партиялықтар Алматы қаласының Наурызбай ауданында салынып жатқан 1500 орындық мектептің құрылыс барысын тексерді. Мердігер ұйым құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп сендірді. Нысанның сапалы әрі уақтылы тапсырылуы аманаттықтардың бақылауында болады.
12 тамыз 2022 ж. 270 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930