Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жер учаскелері аукцион арқылы сатылады

Елімізде жер учаскелері аукцион арқылы сатылады

Қазақстанда жер учаскелерін сатып алуға қатысты жаңа пилоттық жоба енгізіліп жатыр. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлімдеді.
Оның айтуынша, жер учаскесін алу процесін жеңілдету мақсатында кадастрлық карта әзірленді.
Мәселені алдымен қоғамның талқысына салып, жұршылықтың пікірі ескерілді. Картада жер учаскелеріне қатысты барлық ақпарат көрсетілген. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры аясында жер учаскелерін egov.kz порталында аукцион арқылы ұсыну пилоттық жобасы іске қосылды, — дейді Сүйеніш Әбділдин.

Басқарма төрағасының мәліметінше, пилоттық жоба аясында алғашқы жер учаскесінің аукционы Ақтөбеде өтті.
Ақтөбедегі жер учаскесі басында 51 480 теңгеден басталып, аукцион нәтижесінде ол жер 6 647 611 теңгеге сатылды. Яғни бірнеше есе қымбат бағаға сатылып отыр, түскен пайда мемлекет қазынасына жіберіледі. Аталған пилоттық жобаның тағы бір артықшылығы сыбайлас жемқорлық әрекеттің алдын алады. Сонымен қатар қызмет көрсету мерзімін жарты жылдан 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, жер учаскесін сатуда ашықтықты қамтамасыз етеді. Биыл маусымда аталған жобаны еліміздің барлық өңірінде енгізу жоспарланып отыр, — деді корпорация басшысы.
Айта кетейік, енді кәмелет жасына толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ 10 сотық жерге eGov.kz арқылы өтінім бере алады.
05 мамыр 2022 ж. 419 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930