Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде бюджеттік және заң шығару рәсімдерін автоматтандыру жұмыстары басталды

Елімізде бюджеттік және заң шығару рәсімдерін автоматтандыру жұмыстары басталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығын іске асыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттікте ішкі ұйымдық-штаттық құрылымды реинжинирингтеліп, цифрлық технологияларды қолдану кеңеюде, қағаз құжат айналымы алынып тасталды.
Әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Антикор-орталықтардың азаматтар мен өтініштерді қабылдау жөніндегі қызметі қайта жүктелді. Құқықтық консультативтік көмек көрсетуге бағдарлана отырып, 1424 call-орталығының жұмысы қайта құрылды.
Операциялық қызметтегі бизнес-процестерді оңтайландыру, кадрларды іріктеу және орналастыру, сондай-ақ бюджеттік және заң шығару рәсімдерін автоматтандыру бойынша жұмыс басталды.
«Мемлекет басшысы өз жарлығымен барлық мемлекеттік органдарға жұмыста ескірген бюрократияланған тәсілдерден бас тартуға нақты нұсқау берді. Бюрократия аз болса – жемқорлық та аз болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жарлықты барлық мемлекеттік құрылымдардың орталықта және жергілікті жерлерде сөзсіз іске асыруына барынша ықпал ететін болады», - деп атап өтті О. Бектенов.
18 сәуір 2022 ж. 695 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 47

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031