Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » E-Otinish азаматтардың арыз-тілегін қабылдайтын «бір терезеге» айналады

E-Otinish азаматтардың арыз-тілегін қабылдайтын «бір терезеге» айналады

«E-Otinish» жүйесі жеке және заңды тұлғалардың арыз-тілектерінің барлық түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша қабылдайтын институтқа айналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президенттің бүгін қол қойған «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында осындай меже қойылып отыр. «Күнтізбелік жыл ішінде «E-Otinish» жүйесін жеке және заңды тұлғалар жолданымдарының барлық түрлерін қабылдау үшін «бір терезе» ретінде институцияландыруды қамтамасыз етсін», - деп жазылған құжатта. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне Үкіметпен бірлесіп жыл сайын мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік аппарат қызметін жетілдіру жөніндегі үздік жобаға арналған конкурсты өткізу жүктелген. «Мемлекеттік қызметтің жай-күйін мониторингтеу және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу рәсімдері шеңберінде жыл сайын бюрократиядан арылту жөніндегі сұрау салу жүргізу қамтамасыз етілсін»,- делінген Жарлықта. Еске салсақ, бүгін Президент мемлекеттік аппараттың жұмысын бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды.
14 сәуір 2022 ж. 552 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930