Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі жүзеге асырылады

"Е-өтініш" ақпараттық жүйесі жүзеге асырылады

2021 жылдың І жартыжылдығында барлық мемлекеттік органдарда азаматтардың өтініштерін қабылдайтын бірыңғай «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілмек. Аталған жүйе азаматтардың өтінішін мемлекеттік органдарға жеткізу уақытын қысқарта отырып, пошталық сервистерді пайдаланбау мүмкіндігін береді.

Осыған орай, «Нәтиже» азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталығы» пилоттық жобасы шеңберінде өзара әрекет ету және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау тәртібін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының базасында орналасқан Орталық арқылы «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы ұйымдастырылатын болады.
Айта кету керек, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді іске асыру үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органдарда 1 шілдеге дейін «е-Өтініш» жаңа ақпараттық жүйесі мен «Нәтиже» орталықтарын ашуды тапсырған болатын.
Жоба азаматтардың өтініш, арыз, шағымдарын жедел ден қоюға, бюрократия мен жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлықты жоюға толықтай мүмкіндік береді.
Бұл электрондық жүйе арқылы мемлекеттік органдармен бірге ХҚКО мен Қазпошта бірлесіп жұмыс жасайды. ХҚКО-ры жоқ жерлерде Қазпошта арқылы қызмет ұсынылады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе:
– мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге;
– мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға;
– өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға;
– мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.
Одан бөлек, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдар жұмысына баға беруге жол ашатын жүйе. Жүйе арқылы мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіледі. Сонымен қатар жұмысты жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қояды.
Қазіргі таңда Қазалы ауданы бойынша Азаматтардың өтініштерін қарау бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне көшуде ақпараттық қолдаудың медиа-жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
07 сәуір 2021 ж. 3 748 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930