Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ізгілік – өмір нәрі

Ізгілік – өмір нәрі

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің педагог-психологы Н.Аманкелдіқызының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні №170 орта мектеп базасында «Ізгілік –өмір нәрі» атты оқушылардың облыстық әлеуметтік жобалар фестивалінің аудандық іріктеу кезеңі болып өтті.
Аталмыш фестивальдің оқушылардың қоғамға қызмет етуіне бағытталған, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне, өзін–өзі тануына және әлеуметтік белсенділігін дамытуына көмектесетін іс-әрекетін мадақтау және ынталандыру мақсатында жүргізілді. Жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін, жоғары адамгершілік қасиеттерін, іскерлік дағдыларымен қоса қоғамдық әлеуметтік мәселелерді шешуіне жұмылдыру белсенділіктерін дамыту міндеттері қаралды. Фестивальге білім беру ұйымдарындағы 7-11 сынып оқушылары қатыстырылды. Жобаның І бөлімінде «Ізгілік-өмір нәрі» тақырыбында қайырымды істер жасалған әлеуметтік жобалар көрсетіліп, ІІ бөлімінде туған жеріне деген сүйіспеншілігін, атамекенге деген қамқорлығын насихаттау мақсатында әзірленген «Сүйем сені,туған өлкем!» атты слайдтық көрсетілім қойылып, соңында оқушылар көркем сөз оқып өз шығармашылығын шыңдата түсті.
Жоба соңында әділ қазылар алқасы әлеуметтік жобаға қатысқан оқушылар мен жетекшілерге алғыс айта отырып, «Бас жүлде» иеленген №226 гимназияның 9-а сынып оқушысы Қ.Меңдібаева (жетекшісі Ш.Есбергенова) облыстық кезеңге жолдама алды. Ал І орынды №216 мектептің оқушысы А.Бағдаулет (жетекшісі Ә.Қалыбай), ІІ орын №96 мектептің оқушысы А.Талғат (жетекшісі Ж.Өтепберген) мен №16 мектеп-лицейдің оқушысы А.Шыныбекова, (жетекшісі А.Буршікова), ІІІ орынды №103 мектептің оқушысы Д.Қайрулла (жетекшісі С.Бердібек) мен №95 мектептің оқушысы Е.Сапарбек (жетекшісі Ж.Нұрекешова), №170 мектептің оқушылары Ж.Ешмағамбет, А.Жеткербаева (жетекшісі Ж.Диханова), алғыс хаттармен №95 мектептің оқушысы Н.Киікбай (жетекшісі Г.Омарова), №91 мектептің оқушысы Н.Дауылбекова (жетекшісі А.Әбдәли) иеленіп, аудандық білім бөлімінің арнайы мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
19 қаңтар 2018 ж. 3 912 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 47

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 48

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 51

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 52

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031