Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшелерге тазалық рейді жүруде

Көшелерге тазалық рейді жүруде

Соңғы уақытта кент көшелеріне тұрғындар тарапынан көше бойына қапқа салынған қоқыстарды шығарып қою, тастау,төгу әрекеттері жиі көрініс табуда. Әсіресе Жанқожа, Р.Бағланова, С.Сүлейменов, В.Счастнов, С.Мұханов көшелерімен таңертеңгілік уақытта жүріп өтсеңіз кенттің келбетін кетіріп тұрғандығын байқайсыз.. Әрине тұрғын үйлерінен қоқыстарды шығаратын сол көше тұрғындары екендігі белгілі. Осыған орай 2 сәуірден бастап кент әкімдігінің қызметкерлерінен құрылған топ көшелерге рейдтік бақылау жұмыстарын бастады. Яғни қоқыстар көп тасталатын көшелерге қадағалу жүргізіп, анықталған заң бұзушылықтарға тиісті шараларын көретін болады.
Осы бағытта 2 сәуір күні түнгі сағат 22.15-те жүргізілген шаралар барысында Ә.Айбосынов көшесінің тұрғындары Г. Ж және А.Ж және Әбілхайырқан көшесінің тұрғыны С.Ж. көше бойына қапқа салынған қоқыс қалдықтарын тастап жатқан жерінен ұсталынып, фотосуретімен қоса аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы арқылы ҚР-ның "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің баптарына сәйкес, әкімшілік шаралар көрілді.
Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Сонымен қатар анықталған бұзушылықтар фотосуреттерге түсіріліп, әлеуметтік желілерде және жергілікті баспасөз құралдарында аты-жөнімен жарияланатындығын тұрғындарға қатаң ескертеміз.
Әйтеке би кенті әкімінің аппараты
03 сәуір 2018 ж. 1 540 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930