Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент көркі көптің көкейінде

Кент көркі көптің көкейінде

Дүйсенбіні ауыр дейтін едік, бірақ бұл дүйсенбі маңызды мәселе көтерілуімен басталды. Әйтеке би кенті әкімдігінде кент әкімі Ә.Әбиевтің қаты­суымен баспасөз мәслихаты өткізілді.
Мәслихатта негізінен кенттің таза­лығын сақтау мәселесі сөз болды. Кент басшысы Ә.Әбиев жыл басынан бері көше тазалығын сақтауды қамтамасыз етуде қаншама жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын, Әйтеке би, Жанқожа батыр, Қ.Пірімов көшелері мен саябақтардағы орнатылған ескерткіштерді, түнгі жарық­шамдарды, орындықтарды қирату, бүл­діру, көлікпен соғу фактілерінің орын алып жатқандығын атап өтті. Бюджеттен бөлінген қаржымен немесе көшелерде өткізілген сенбіліктер арқылы кент аумағының барлық тазалығын қамтамасыз етуге мүмкіндіктің жоқ екендігін және бұл мәселеге қоғам және әрбір көше болып атсалысу қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар көшелерге тұрғындардың қоқыстарды тастауға жол беру әрекеттерінің көбейіп кеткендігін айтты. Осы ретте, Әйтеке би кентінің әкімі:
– Кенттің 57 көшесі түнгі жарықшам­дармен қамтамасыз етілген. 242 жол белгілері бар. 2018 жылы 53 көшенің жолын жөндеуге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық жолаушы тасымалы, автомобиль жолдары басқармасына тапсырылды. Осы жобаның ішінде 2 көшеге қазіргі таңда қаржы бөлінді. Атап айтқанда Қ.Ерімбет, Жетес би көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде, – деді.
Мұнан соң, “Қазалы Көркем Сервис” ЖШС директоры Д.Тұяқбаев көшелерден бұрын 2-3 автокөлік ғана қоқыс шығатын болса, қазір күн сайын 10-нан астамы сыртқа шығарылатындығын және бұл мәселенің күнбе-күн үдеп бара жатқандығына тоқталды. Сонымен қатар, Жанқожа батыр, С.Мұқанов, Жалаңтөс баһадүр, Қ.Пірімов көшелері мен тағы басқа да көшелер бойына тұрғындар үйлерінен шығарылған тұрмыстық қалдықтарды қапқа салып көше бойына жинап қоятындығын ескертіп, осы мәселелерді реттеуге бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Қоқыс жәшіктерін алатын азаматтар болса, мекеме тарапынан жеткізіліп берілетіндігін еске салды. Сондай-ақ, ол аудан әкімдігіндегі, жиналыстар мен халық жиындарында қаншама айтылып, ескертіліп келе жатса да көптеген мекеме басшыларының қоқыс салатын контейнерлердің әлі де алмағанын, алдағы уақытта олардың тізімін баспасөз беттеріне жарияланатындығын жеткізді.
Есет ТАБЫНБАЕВ
31 наурыз 2018 ж. 1 411 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930