Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Nur Otan"партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі өтті

"Nur Otan"партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі өтті

Ағымдағы жылдың 1 наурыз яғни Алғыс айту және партия күнімен қатар келген «Nur Otan» партиясының кезектен тыс шақырылған ХХІІ-Съезіне  делегат ретінде қатыстым. Жалпы онлайн форматта өткізілген жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 393 делегат қатысты.
Жиында күн тәртібіне сәйкес екі мәселе қаралды. Бірінші партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу болса, екіншісі «Nur Otan» партиясының модернизациясы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша партияның Саяси кеңес құрамына біршама өзгерістер енгізілді. Екінші мәселе аясында  Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы саяси ұйымды модернизациялау бойынша нақты тапсырмалар берді. Осы бағытта партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов тапсырмаға сәйкес партия жұмысына талдау жасалып, қоғамдық пікір мен сарапшылардың, аймақтардағы партияластардан ұсыныстар жиналғанын айта келе, саяси ұйымды жаңғырту бағытында 7 басымдық ұсынып, кеңірек баяндады.
Сондай-ақ, жиынның маңызды шешімдерінің бірі ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы белгіленді.
Құрметті әріптестер, қадірменді партияластар! Баршаңызды Жаңа Қазақстандағы жаңарған партиямен, мемлекет басшысының еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарына бірлесе атсалысуға шақырамын.

Нұрғиса ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары,
съезд делегаты


03 наурыз 2022 ж. 637 0

Деген екен

15 ақпан 2025 ж. 89

Бауыржанның батырлығы

15 ақпан 2025 ж. 93

Ол күндер ұмытылмайды

15 ақпан 2025 ж. 95

Ауғанның отты жылдары

15 ақпан 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728