Міндеттерді мінсіз атқару маңызды

Елдегі жеткен жетістіктерімізді екшелеп, алға қарай нақты қадам жасау үшін жаңа жоспарлар құрылып, жаңа міндеттер жүктелуі заңдылық.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдің даму деңгейін арттыру мен жарқын болашақ орнату жолындағы маңызды бағыттар атап көрсетілген.
Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, ел экономикасын көтеру, қаржы секторын дамыту, білім, мәдениет, денсаулық, шағын және орта бизнес, т.б. әлеуметтік салаларды мемлекеттік деңгейде қолдау шаралары қамтылған.
Біз осы Жолдаудағы міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзелетініне сенеміз.
Ел игілігі жолында баршамызға жүктеліп отырған міндеттерді мінсіз атқару - Жолдауда көрсетілген бағыттарды іс жүзінде жүзеге асыруға жол ашады. Осы орайда еліміздің жарқын болашағы, кемел келешегі үшін жұмыла жұмыс жасау баршамызға міндет. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс жасап, еңбекке ұмтылайық.
Нұрлан ИМАНДОСОВ,
"РЗА-Агро" ЖШС директоры
"РЗА-Агро" ЖШС директоры