Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұрақ – жауап

Сұрақ – жауап

1. Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін енгізу реформасының жүзеге асырылу мерзімі неге байланысты түзетілді?
– МӘМС-тің Қазақстандағы бюджеттік-сақтандыру үлгісі дегеніміз, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттің басым ролі арқылы халықтың барлық санатының, бизнестің, азаматтың өзінің сақтандыру жарналары мен аударымдарын төлеуге міндетті ынтымақты түрде қатысуы. Барлық сақтандырылған азаматтардың медициналық қызметтер көрсету пакетіне тең дәрежеде қолжетімділігі «әркімнен мүмкіндігіне қарай» және «әркімге қажетіне қарай» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Дегенмен, әлеуметтік сауалнамалар құрылымында жүргізілген сараптамалық бағалаулардың нәтижелері көрсеткендей, аталған реформаны жүзеге асыруда елеулі қауіптер баршылық – «өзін-өзі қамтушылардың» сақтандыру жүйесінен тыс қалу қаупі жоғары. Белгілі бір ресми табыстары жоқ, салық пен әлеуметтік жарна төлемейтін адамдар тұрғындардың біршама бөлігін – 2,7-3(?) млн құрайды, яғни, олар формальды экономикадан тыс қалған.
ҚР Парламенті палаталарының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі бірлескен отырысында Мемлекет басшысы еліміздің денсаулық сақтау саласын дамыту үшін медициналық сақтандыру жүйесінің прогрессивтілігін айта келе, ҚР Үкіметіне денсаулық сақтау саласын реформалау қадамдарын қайта қарап, сақтандыру медицинасына азаматтардың барлық санаттарының тең дәрежеде (әділетті) қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен бірге, Үкімет алдына халықтың өзін-өзі өнімсіз қамтамасыз ететін тобын ел экономикасына тарту, бизнестің және мемлекеттің жүктемелерін азайту, Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті резервтерді қалыптастыру бойынша мейлінше тиімді шараларды зерделеп, жасау міндетін қойды.
2. Қазақстанда МӘМС жүйесін одан әрі жүзеге асыруда қандай заңнамалық өзгерістер қарастырылуда?
– Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде заңнамаға МӘМС аясында халыққа медициналық көмек көрсету мерзімін кейінге шегеруді, АҚС шарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар үшін жарна мөлшерін өзгертуді, жұмыс берушілерден басқа барлық санаттағылардың жарна төлеу уақытын кейінгі шегеруді қарастыратын бірқатар түзетулер енгізу мәселелері талқылануда. Аталған түзетулер нендей жағдайларды болжайды?
Біріншіден, МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылады; екіншіден, сақтандырылмаған тұрғындар үшін мемлекет есебінен қажетті медициналық көмек көрсету көлемі (КТМКК) 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін сақталады; үшіншіден, МӘМС жүйесіне мемлекеттің жеңілдік санатындағы тұрғындар үшін төлейтін жарна төлемдерінің және жеке тұлғалардың (жалдамалы жұмыскерлер, өзін-өзі қамтушылар, оның ішінде ЖК, АҚС) жарна төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылады; төртіншіден, жұмыс берушілер ӘМСҚ-на 1-1,5% мөлшерінде жарна аударуды 2020 жылға дейін жалғастыра береді; бесіншіден, АҚС шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарна мөлшері (жарна есептеу объектісінен) 5%-дан 1%-ға дейін азайтылады. Алтыншыдан, аударымдар мен жарналарды есептеу үшін ең төменгі шек (1 ЕТЖ) алынып тас¬талады, жетіншіден, МӘМС жүйесіндегі «Үкімет – азаматтар үшін» МК қызметі мемлекеттік монополияға жатқызылады.
12 желтоқсан 2017 ж. 1 511 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031