Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда өнеркәсіп өнімінің көлемі артты

Қазалыда өнеркәсіп өнімінің көлемі артты

Қазалы ауданында жыл басынан бергі өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 9,2 млрд. теңгені құрап, 2,9 пайызға артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Қазіргі таңда ауданда 4075 кәсіпкер бар. Оларда 8852 адам жұмыс істейді. Бұл аудан бойынша экономикалық белсенді халықтың 24 пайызын құрайды.
Биыл аудан кәсіпкерлеріне қаржы ұйымдары тарапынан 1,5 млрд. теңгеден астам несие беріліп, қолдау көрсетілді. Нәтижесінде жыл басынан бері жаңадан 484 кәсіпкер тіркеліп, олар 623 адамды жұмыспен қамтыды. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық.
«РЗА» АҚ ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II ші кезеңін іске асыру арқылы мал басын 1200 басқа ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ал «Сыр Маржаны» ЖШС «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Иран Ислам Республикасы инвесторларымен меморандумға қол қойылып, жобаны жүзеге асыру пысықталуда.
Сонымен қатар, биыл кәсіпкерліктің дамуына тікелей ықпал етіп отырған «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша құны 315 млн.теңге болатын 12 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландырылды.
Бүгінде аудандағы «Өндірістік аймақта»4 жоба іске қосылып, 36 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын делдалсыз өткізу мақсатында «Қазалы Керуен» Біріккен Кәсіпорны» ЖШС «Қалааралық автовокзал құрылысы» жобасын іске асыруда. Қазір 90 пайызы дайын. Жоба инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, келер жылы пайдалануға беріледі.
Аудан аумағынан 96 шақырымы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан сервистік қызмет көрсету нысандарын салуға 5 учаске белгіленген. Қазіргі таңда бір нысан пайдалануға берілсе, екі нысанның құрылысы жүргізіліп, қалған екеуінің құжаттары әзірленуде.
05 желтоқсан 2017 ж. 2 554 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 41

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 40

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 44

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 45

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031