Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық комиссия отырысында маңызды мәселелер қаралды

Аудандық комиссия отырысында маңызды мәселелер қаралды

Кеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде жоспарға сәйкес 2 мәселе қаралды. Басқосуға комиссия мүшелері, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия отырысын аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, қаралатын мәселелердің маңызды екендігін жеткізді.

Басқосуда алдымен аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Кабизов «Қазалы ауданының полиция бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы» айтып берді.

Аудан басшысы жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады. Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстарды халықтың назарына жеткізуді жандандыру қажет екенін айтты.

Мұнан соң Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров «Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілген шаралар туралы» баяндама жасап, атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді.




Басқосу бұдан әрі құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысына ұласты. Комиссия отырысында 1 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар мен алдағы міндеттер туралы» аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Кабизов пен Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева хабарлама жасады.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
16 шілде 2021 ж. 755 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930