Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауқарлы күрес қажет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауқарлы күрес қажет

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев төрағалық еткен комиссия отырысында денсаулық сақтау ұйымдарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және Қазалы қаласы әкімі аппаратымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы қаралды.
Басқосуда аудан бойынша амбулаториялық емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Күншығар Әбілов, қала әкімі Рахметулла Ізтілеу хабарлама жасады. Баяндамашылардың айтуынша, медицина мамандары, мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлықтың қоғам дамуын тежейтіндігі, пара беруші де, алушы да жазаланатындығы туралы үгіт-насихат жыл бойы айтылған. Оларға халыққа сапалы қызмет ету де міндеттеліп келеді. Соған қатысты семинарлар да, сауалнамалар да жүргізілген. Мәселе түбегейлі шешілмегенімен аз-кем ілгерілеушілік бар.
Комиссия отырысында аудан прокуроры Бақытжан Мырзабаев тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ асып, жылы жауап беру кемшін түсіп жатқандығын, сыбайлас жемқорлыққа күрес шаралары есеп үшін өткізбей, жұмыстың мазмұны мен сапасын арттыруға көңіл бөлу керектігін атап өтті.
Ал аудан әкімі тиісті сала басшыларына сапалы медициналық қызмет түрлерін көрсетуді жетілдіруді, халықтың сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мүдделер қақтығысын болдырмау шараларын қабылдауды тапсырды.
Алдажар АЛПАМЫС
31 наурыз 2018 ж. 2 443 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 164

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 127

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031