Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Электронды құжаттардың бірыңғай мұрағаты» ақпараттық жүйесі құрылады

«Электронды құжаттардың бірыңғай мұрағаты» ақпараттық жүйесі құрылады

Елімізде «Электронды құжаттардың бірыңғай мұрағаты» ақпараттық жүйесі құрылады. Бұл жайында Сенат депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Электронды құжаттардың бірыңғай мұрағаты» ақпараттық жүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақпараттық жүйені іске қосу мемлекеттік мұрағаттардың жұмысын толықтай автоматтандыруға және ҚР Ұлттық мұрағат қоры электронды құжаттарын ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Мұрағат-2025» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын жүзеге асыруды бастау 2020 жылға көзделген еді. Алайда, санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың жүзеге асырылуына байланысты шығыстардың артуына орай оны республикалық деңгейде қаржыландыру кейінге қалдырылды»,- деді Премьер-Министр. Үкімет басшысының айтуынша, аталған кешенді жоспар өңірлік деңгейде Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде сканерлер, компьютерлер, серверлер, кондиционерлер сатып алынды. Жинақтар басылып шығарылды. Мұрағатқа арналған үй-жайлар жөндеуден өткізіліп, ғимараттар сатып алынды. «Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Паводар облыстарының жергілікті атқарушы органдары кешенді жоспардың 2021 жылға арналған шараларына бюджеттік өтінімдер әзірлеп отыр», - деді Асқар Мамин.

24 қараша 2020 ж. 892 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930