Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы – Қазалы ауданында

Аймақ басшысы – Қазалы ауданында

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Қазалы ­ауданында ­болды. Аймақ ­басшысы іс-сапар ­барысында мемлекеттік бағдарламалар ­аясында жүргізіліп жатқан құрылыстармен ­танысып, бірқатар кәсіпкерлік ­нысандарын аралады.
Облыс басшысы алдымен Бекарыстан би ауылындағы орталық алаңда тұрғындармен кездесті. Ауыл әкімі Ғалымжан Зинадинов «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылатын ауқымды істерді баяндады. Бағдарлама аясында аталған тіректі елді мекенінде 15 жоба іске аспақ. Аудандағы іргелі ауылда ауызсу сервистік желіге қосылады. Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атымен аталатын білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар ауылдағы сегіз көшеге жарықшамдар орнатылып, жеті көше орташа жөндеуден өтеді.
Ұлы Отан соғысының ардагері Қабақ Смағұл қария батасын беріп, облыс басшысының қызметіне сәттілік тіледі.
Бұдан соң аймақ басшысы өткен жылы пайдалануға берілген «Әлсейіт» учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін темір-бетон көпіріне барды. Өткел 2 жолақтан тұрады, жалпы ұзындығы 219, ені 12 метр. Көпірдің екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған. Қазалы ауданының 7 және Арал ауданының 6 ауылындағы 14 мыңнан астам халық көпір арқылы аудан орталығына қатынайды. Облыс әкімінің сапары Қазалы қаласында жалғасты. Қаладағы «Қазалы» конфет шығару цехының жұмыс барысымен танысты. Қазіргі таңда Қазалының тіл үйірер тәтті кәмпитін білмейтін жан кемде-кем. Ол Қазақстанның түкпір-түкпірінде сұранысқа ие. Цех заманауи құрал-жабдықтар және арнайы аппараттармен толық жабдықталған. Мұнда өнімнің жеті түрі шығарылады. Конфеттер түрлі қораптарда қапталып, сатылымға жол тартады. Жеке кәсіпкер Нұрбек Қазбергенов жиырма бес адамды жұмыспен қамтып отыр.
Гүлшара Әбіқалықова Жанқожа батыр кесенесіне аялдады. Әйтеке би кентінің оңтүстік бетіндегі 4 шақырым жерде орналасқан кесене 1992 жылы халықтың күшімен салынған. Осы ретте аудан басшысы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын дамыту бағытында жүргізіліп жатқан инженерлік-инфрақұрылым ­жайын баяндады. Инженерлік-инфрақұрылым 441 гектар жерге жүргізілмек. Кент пен қала аралығында 23 әлеуметтік, 18 кәсіпкерлік нысан бой көтереді деп жоспарлануда. Жеке тұрғын үй бойынша 1500 жер учаскесі тұрғындарға берілмек.
Екі аралықта салынып жатқан ғимараттардың бірі – 600 орындық мәдениет үйінің құрылысы. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Онда 600 орындық көрермен залы, үстел ойындарына арналған бөлме, мерекелік және салт-дәстүрімізді насихаттау залы, хор бөлмесі, бейнелеу өнері, кітапхана және оқу бөлмелері орналасады.
Облыс әкімі аудан әкімдігінде өткен акив жиынына қатысты. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Атқарылған істерге облыс басшысы оң бағасын берді. Облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп Гүлшара Әбдіқалықованың қызметіне сәттілік тілеп, тұрғындар атынан жақын арада «Қазалы қаласына газ желісі тартылса», «Қарлаң» көпірінің құрылысын бастауға жоба-семталық құжаттары әзірленсе» деген ұсынысын білдірді.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ғ.Мұратбаев ауылында болып, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізілген, сонымен бірге кенттегі «Аймақаш» мөлтек аудандағы инженерлік-инфрақұрылым барысымен танысты. Өңірдегі ірі кәсіпорынның бірі – «РЗА» АҚ ірі қара өсіру кешеніндегі тауарлы сүт фермасын көрді. Бұнда тәулігіне 30 тонна сүт өндіріледі. «Дәмді» сауда белгісімен пастерленген, ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, сүзбе, сары май, ірімшік шығарылады. Өнім Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына жеткізіледі.
Аймақ басшысы барған «LCI-MK» ЖШС темір-бетон зауыты жылына 10 000 текше метр темір-бетон бұйымдарын және конструкцияларды өндіруге бейімделген. 18, 21, 24 метрлік балкаларды стандарттарға сәйкес дайындап, республика аумағын жол, көпір құрылыстарына қажетті темір-бетон бұйымдарымен қамтамасыз етуде. Бұнда 67 адам жұмыс істейді.
Аймақ басшысы аралаған нысандар қатарында Қазалы көлік-техникалық колледжі, «Қазалы-Керуен» көлік-логистикалық орталығы, Ақсуат ауылындағы жаңадан салынып жатқан «Балауса» бөбекжай-балабақшасы да бар.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
16 мамыр 2020 ж. 1 204 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930