Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақсуат ауылында жаңа клуб бой көтерді

Ақсуат ауылында жаңа клуб бой көтерді

Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Майлыбас ауылдық округінде құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Сапар барысында алдымен құрылысы жақында басталған ауылдық клуб үйінің алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қатысты.
Жоба бойынша бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, барлық қажетті техникалар мен материалдар жеткізілген. Құрылыс жұмыстарын мердігер компания «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.
Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылған. Жаңа нысан келер жылғы көктемде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Ақсуат ауылдық клубы 1954 жылы бір қабатты күйдірілмеген кірпіштен салынған. 2013 жылы апаттық жағдайдағы құрылыстар тізіміне енгізілген болатын.
Бұдан соң М.Ергешбаев ауылдық округте құрылысы аяқталуға жақын 90 орындық балабақша мен №100 орта мектеп ғимаратының жылыту жүйесіне жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аудан басшысы нысандарды аралап болған соң, құрылысқа жауапты мердігерлер мен бөлім басшысына нысандардың сапасын жоғары бақылауда ұстап, жоспарланған уақыттан кешіктірмей ел игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.
03 шілде 2020 ж. 1 471 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 25

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 21

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 31

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 33

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 33

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031