Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантин: Елімізде үйлену тойы алғаш рет онлайн өтті

Карантин: Елімізде үйлену тойы алғаш рет онлайн өтті

Елімізде карантин режмиіне байланысты онлайн үйленген алғашқы жұп тіркелді. Олар елордалық Азамат пен Әсел Нүсіповтер, - деп хабарлайды syrboyi.kz.
Елімізде алғаш рет ата-анасынан бейнеқоңырау арқылы ақ батасын алып, некесін онлайн қиған Азамат пен Әсел неке қию рәсімін Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамына орай жоспарлаған. Құдалық пен ұзату, неке қию Арыс қаласында 22 наурыз күніне жоспарланған.
Алайда елімізде төтенше жағдай жарияланып, тойды аяқ асты кейінге қалдыруға тура келді. Десе де екі жақтың үлкендері ойланып, бір сөзге тоқтам жасап, телефон арқылы танысып, келісіп, өздерінің ақ батасын бейнеқоңырау арқылы берген.
«Шынын айтсақ, 2 күнге дейін не істерімізді білмей жүрдік. Екі жас өзіміз барып қайтамыз ба? Әлде қалай деп ойланып жүрген кезімізде үлкендер өздері шешімге келіп, жұбайымның ата-аналарына хабарласып, онлайн түрде ақ батасын алды. Біз енді Қазақстанда алғаш онлайн үйленген жұппыз деп әзілдейміз. Қазіргі қауіпсіздік шараларын сақтана отырып, өзіміздің ағайын-туыстың арасында, кішкентай ғана үйде келін түсіру отырысы болды. Мешіттен имам шақырып, ақ некемізді, ең бастысы Алланың алдындағы аманат пен ата-ананың алдындағы аманатты жасадық. Сөйтіп, шағын тойымыз өтті, қазір үйде жатырмыз бал айын өткізіп», – деді Азамат Асқарұлы.

Қыз жақ тойға керек-жарақтың барлығын алып, құдаларды күтуге сақадай сай отырған. Бастысы – қос ғашықтың бақытты болып кетуі, дейді жақындары.
«Әрине, қыз ұзату болмайды, тек құдаласу болады Алла бұйыртса. Осы дерттен аман шықсақ, екі жақтың танысуы болады. Оның бәрі алда. Біздің ниетіміз бен жоспарымыз бойынша неке қию Арыс қаласында өтуі керек болған. Бірақ бәрі осы жақта болды. Оның барлығын жұбайымның ата-анасы, әпкелеріміз телефон арқылы хабарласып, сырға салудың барлығын үстел барысында барлығын көрсетті», – деді Әсел Әбдімәлікқызы.

Ал ұл жақтан Арысқа 20 шақты адам бармақ болыпты. Олар барып-қайтар билеттерін қайтарып жатыр. Асығыстық жоқ дейді. Себебі төтенше жағдайға байланысты билеттерін өткізіп жатқандар көп көрінеді.
Елдегі қиын жағдайға қарамастан, Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурызда келін түсіріп, қолынан шай ішіп отырған Нүсіповтер әулеті өздерін бақытты санайды. Бұл жақсының жоралғысы деп біледі. Қалай дегенмен, Қазақстанда онлайн үйленудің үлгісін көрсеткен бірінші жұп осы жастар.
24 наурыз 2020 ж. 516 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031