Жиырма минут ішінде онлайн түрде тіркелуге болады
Қазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді, деп хабарлайды Today.kz.
Енді бұл үшін азаматтарға 20 минут жеткілікті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл қаңтар айынан бастап тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын электрондық үкімет порталы арқылы тіркелгенде 10 % АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу керек болатын. Сосын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-офисіне келіп, жеке куәлік чипына тіркеу туралы деректер жазбасын енгізу үшін көші-қон қызметкеріне жүгіну қажет еді. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді.
Енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін, тіркелетін азамат өтініш беріп, меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиіс.
Сурет: "Азаматтарға арналған үкімет" МК баспасөз қызметіҚазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді.
Today.kz.