Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Нұр-Сұлтанға 30 күн бойы кіре алмайсыз": әкімдік мәлімдеме жасады

"Нұр-Сұлтанға 30 күн бойы кіре алмайсыз": әкімдік мәлімдеме жасады

Алдағы 72 сағаттың ішінде әуе және теміржол қатынасымен қаладан кетуге немесе келуге мүмкіндік беріліп отыр. Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен карантинді енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтанда карантин режимі енгізіліп отыр. Қаланың айналасында 7 блокбекет орнатылды. Қалаға кіруге және одан шығуға әлі уақыт бар. Алдағы 72 сағаттың ішінде әуе және теміржол қатынасымен қаладан кетуге немесе келуге мүмкіндік беріліп отыр. Ағымдағы жылдың 22 наурызынан бастап барлық санаттағы тұрғындарға қала аумағына кіруге және шығуға толық шектеу қойылады", - деді Мәкен бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, транзиттік пойыздар қалада тоқтамайды. Ал жүк көліктері колоннамен елорданың сыртымен айналып өтеді.
"Былайша айтқанда, қазір қаладан шығамын немесе осында келемін дейтін адамдарға 72 сағат беріліп отыр. 22 наурызда сағат 00:00 кіруге де, шығуға да толығымен тыйым салынады. Блокбекеттердің бәрі жабылады. Сондықтан Нұр-Сұлтанға қонаққа келген адамдарға тезірек шығып кетуі керек. Ал келемін дейтіндер кіріп алуы тиіс. 22-сіне дейін үлгермесе, карантиннің аяқталғанын күтуге тура келеді. Бұл – мемлекеттік комиссияның шешімі", – деп атап көрсетті Мәкен.
Әкім орынбасары қала маңындағы ауылдар туралы да айтты. Оның сөзіне қарағанда, карантиндік аймаққа Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Қосшы, Жібек жолы мен Шұбар ауылдары кіреді. Ал бақылау-өткізу бекеттері осы елді мекендердің сыртында орналасқан. Сондықтан ауыл тұрғындары қалаға қатынай алады.


19 наурыз 2020 ж. 836 1

Angela от 30 мамыр 2025 09:28
Kudos. A good amount of write ups. casino en ligne fiable You mentioned it fantastically! casino en ligne Valuable stuff Thanks a lot! casino en ligne France Incredible lots of beneficial information! casino en ligne Thanks! I value this! casino en ligne fiable You said it perfectly.! casino en ligne France Amazing tips, Regards. casino en ligne francais Nicely put. Thanks a lot. casino en ligne France Amazing a lot of valuable material. casino en ligne You actually revealed it exceptionally well. casino en ligne francais

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031