Байқоңырда әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды
Байқоңыр ғарыш айлағының қызметкерлеріне жұмыс компьютерінен және жеке гаджеттерден әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салынды. Бұл туралы ғарыш айлағының директоры Евгений Раковскийдің бұйрығында айтылған, деп хабарлайды Baq.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Осыған дейін хабарланғандай, Байқоңыр ғарыш айлағында цифрлық құжат айналымы жүріп, арнайы жұмыстардың жобасы бөлім басшыларына арнайы планшеттер арқылы жолданатыны айтылған болатын.
«Қызметтік ақпараттардың тарап кетпеуінің алдын алу және еңбек тәртібін күшейту үшін филиал қызметкерлеріне жұмыс барысында жеке ұялы телефондарды, әлеуметтік желілердегі сайттарды және мәтіндік хабарламалармен алмасу жүйелеріне кіруге тыйым салынады», - деп жазылған құжатта.
Бұйрықта кіруге тыйым салынған сайттар мен әлеуметтік желілер, сондай-ақ Telegram сияқты мессенджерлер тиізімі жазылған.
Қызметтік хабарлама алмасу үшін ғарыш айлағының директоры ұжымдық жүйедегі электрондық поштаны пайдалануды талап етуде.