Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыздың 15-20 аралығындағы ауа райы болжамы

Наурыздың 15-20 аралығындағы ауа райы болжамы

ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстанда наурыздың 15-20 аралығында болатын ауа райы болжамын жариялайды.

Ақмола облысы
Ақмола облысында аталған уақыт аралығында ауа температурасы +5+10°С-тан 3+2°С-қа дейін төмендейді. Одан соң ақырындап -5+3°С-тан 0+5°С-қа дейін жылына түседі. Орта кезеңде ауа 5-13°С-ке дейін төмендеп, артынан 0-8°С жыли түседі. Қарағанды облысы
Қарағанды облысында күндізгі ауа температурасы +5+15°С-тан 0+8°С-қа дейін төмендеп, артынан қайтадан +3+11°С-қа дейін көтеріледі. Сонымен қатар түнгі ауа температурасы -11+3°С-ден 0+6°С-қа дейін жылып, артынан -3-13°С төмендейді. Облыстың оңтүстігіндегі өзендердің бассейндерінде қар мен мұздың еруі салдарынан су деңгейі көтеріледі. 16-19 наурызда жауын, қар жауады. Наурыздың 15-17, 19 күндері де жауын, қар жауады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз ауа температурасы +5+10°С-ден -3+2°С-қа дейін төмендейді. Одан соң 0+8°С-қа дейін жылиды. Түнгі ауаа температурасы -7+1°С-тан 0+5°С-қа дейін жылиды. Аралық кезеңде температура -5-13°С-қа дейін төмендеп, артынан 0-8°С-қа дейін жылиды. 15-17, 19 наурызда 6 мм жаңбыр, қар жауады.
Ақтөбе облысы
Күндізгі ауа температурасы +5+15°С-тан 0+8°С-қа дейін жылып, түнгі температура 0+8°С-тан -5-13°С-қа дейін суиды. Артынан 0-8°С суық болады. Өзендерде қар мен мұз еріп, өз кезегінде ол су деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. 16, 19-20 наурыз аралығында 3 мм қар мен жаңбыр жауады.
Батыс Қазақстан облысы
Ауа температурасы +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін суытады. Артынан +5+13°С-қа дейін жылиды. Түнгі температура +1+9°С-тан -3-11°С-қа дейін суытады. Болжамды уақыт аралығында қар, жаңбыр жауады.
Қостанай облысы
Күндізгі ауа температурасы +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін төмендейді. Артынан +5+13°С-қа дейін жылиды. Түнгі температура +1+9°С-тан -3-11°С-қа дейін суытады, болжам жасалған кезеңнің орта тұсына таман -3+5°С болады. Болжамды кезең бойынша қар, жауын жауады. Өзен бассейндерінде қар, мұз еріп, су деңгейі көтеріледі.
Түркістан облысы
Ауа температурасы +17+25°С-тан +12+20°С-қа дейін төмендейді. Түнгі температура 0+8°С-тан +5+13°С аралығында құбылып тұрады.
Жамбыл облысы
Күндізгі ауа температурасы +10+18°С-тан +15+23°С-қа дейін жылып, артынан +12+20°С төмендей түседі. Түнгі температура -3+5°С-тан 0+10°С-қа дейін жылиды.
Алматы облысы
Күндізгі температура +9+17°С-тан +15+23°С-қа дейін жылып, артынан +12+20°С-қа дейін суиды. Түнгі ауа температурасы -5+5°С-тан 0+10°С-қа дейін көтеріледі. Алматы облысының солтүстігі, солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде қар мен мұздың еруіне соның салдарынан өзендердің суының көтерілуіне ықпал етеді.
Қызылорда облысы
Күндізгі ауа температурасы +9+17°С-тан +15+23°С-қа дейін жылынып, артынан +12+20°С-қа дейін суытады. Түнгі ауа температурасы -5+5°С-тан 0+10°С-қа дейін суытады. Қызылорда облысындағы Сырдария өзені толықтай мұздан тазартылып, су деңгейі Шардара мен Көксарай су қоймаларының режимі бойынша реттелуде.
Шығыс Қазақстан облысы
Ауа температурасы +9+17°С-тан +15+23°С-қа дейін жылып, артынан +12+20°С-қа дейін аздап суиды. Түнгі ауа температурасы -5+5°С-тан 0+10°С-қа дейін жылиды. Өңірдің су нысандарында мұз, тау етегінде қар еріп, ағын су басу қаупі туындайды.

15 наурыз 2020 ж. 725 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930