Күн күрт суытады: синоптиктер жаңа жылда ауа райы қандай болатынын айтты

Мамандар 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 1-4 қаңтары аралығында ауа температурасының күрт төмендейтінін айтады.
"Еліміздің батыс өңірінде түнде -8…16 аралығында аяз болады, күндіз ауа температурасы -8 және +5. Солтүстік-батыс өңірлерде түнде сынап бағанасы -15..25 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа темпаратурасы -8…15 суық болады. Солтүстік және орталық облыстарда түнде -5... 25 және -5-18 аяз болады. Күндіз ауа температурасы -5…16 және 0…8-ге дейін төмендейді. Шығыста түнде -10…18, -15…23 аяз болса, күндіз ауа температурасы -2…10 және -7…12-ге көтеріледі. Оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде сынап бағанасы -8...15 суықты көрсетеді. Күндіз ауа райы +7...10 жылы болады", - делінген хабарламада.
Мегаполистерде ауа райы қандай болады
НҰР-СҰЛТАН
31 желтоқсанда елордада күн бұлтты, қар жаумайды. Ауа температурасы түнде -15…20 градусқа дейін төмендейді. Күндіз сынап бағанасы – 8…13-ті көрсетеді.
1 қаңтарда күн бұлтты, қар жауып, бұрқасындатады. 15-20 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде - 12…17, күндіз -5…10 аязды көрсетеді.
2-3 қаңтарда күн бұлтты, қар жауып, боран соғады. Желдің күші - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -8…13, күндіз -3…8 градус суық болады.
4 қаңтарда күн бұлтты болады, қар жаумайды. Сынап бағанасы түнде -12…17-ні, күндіз -8…13 аязды көрсетеді.
АЛМАТЫ
31 желтоқсан күн бұлтты, жауын-шашынды (жауын, қар) болады. 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-ке дейін төмендейді. Күндіз сынап бағанасы +5-ке дейін жылиды.
1 қаңтарда күн бұлтты, жауын-шашынды (жауын, қар) болады. 2-7 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде -8-ге төмендейді. Күндіз +5 градус жылы болады.
2 қаңтарда күн бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Түнде -10 градус, күндіз +5 градус.
3 қаңтарда күн бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Түнде -10 градус, күндіз +8 градус.
4 қаңтарда күн бұлтты, жауын-шашынды болады (жауын, қар). 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7 градусқа дейін төмендейді, күндіз +8 градус жылы болады.
ШЫМКЕНТ
31 желтоқсан күн бұлтты, жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Түнде -5 градус, күндіз +8 градус.
1-3 қаңтар күн бұлтты, жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Түнде -8 градус, күндіз +10 градус.
4 қаңтар күн бұлтты, оқта-текте жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Сынап бағанасы түнде -8 градусты, күндіз +5 градусты көрсетеді.