Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Істің көзін тапқан жігіт

Істің көзін тапқан жігіт

Бұл жігіт қозықұйрық өсіреді. Өзі Сарыағашта тұрады. Дербісек ауыл округінде.
Бақкелді Рахинбаев былтыр ол АӘК арқылы 500 мың теңге алыпты. Ол ақшаны қарызына құйып, киім-кешек алып не кредитін жабуға жұмсамаған. Тірлік еткен! Қандай тірлік деңіз?
Сол ақшаға дереу үйінің қонақ бөлмесіне 600 қапшық қозықұйрық ұрығын орналастырыпты.
Алғашқы кезде аптасына 500-600 кило қозықұйырық жинап, әр килосын 1200 теңгеден өткізіпті. Кредитті содан кейін - 3 айдан соң жапқан!
Қазір Бақкелді аптасына 300 кило өнім алып, әр килоны шамамен 500-600 теңге аралығында сатады.
Негізі істеймін деген адамға, ниет болса, кәсіп те, нәсіп те болады ғой. Бақкелді де кәсіпті бірден бастап кетпеген. Үйреніп, меңгеру үшін біраз уақыт өзгелерге көмекші болып істеген. Қозықұйрық өсірудің қыр-сырын түсініп, меңгерген соң, әне, АӘК те жетіп, өз жұмысын бастауға жол ашылған.
Айтайын дегенім, бұл жігіт бір тірлік бастау үшін жер керек, орын керек, ғимарат керек деп бас қатырмаған. Әне, қараңыз: қонақ бөлмесін қозықұйрық "алаңына" айналдырыпты. Осыған қарап тұрып "Бір тірлік бастау керек еді. Бірақ..." деп мың-сан сылтау айтатындарға жаным ашиды)
Суретке қарасаңыз, қозықұйрық ұрығы орналастырылған қапшықтарды көресіз. Көп ұзамай ол қапшықтардан қылтиып қозықұйрық көріне бастайды.
"Қазалы" ақпарат
11 наурыз 2020 ж. 1 136 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 133

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031