Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Наурыз айында сізді не күтіп тұр?

Наурыз айында сізді не күтіп тұр?

Тоқты 
Мүмкін еместің өзі мүмкін. Наурызда сіз үшін ғажайып сәттерге толы болмақ. Басқаларға қиын болған тапсырмаларды сізге оңай түседі. Барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізесіз, тіпті одан да көп нәтиже күтуге болады. Өнімді жұмыс жасап, басшылықтың және әріптестердің құметіне ие болыңыз. 
Торпақ
Көптен бері арманда жүрген ойыңызды жүзеге асырыңыз. Кейде өзімшілғ әрі өз рахатыңыз үшін өмір сүрудің еш жаманшылығы жоқ. Наурыз айында жұлдыздар осыны талап етеді. Өз қалауыңызды тыңдап, оларды орындауға тырысыңыз.
Егіздер
Жақын туыстарыңызбен қарым-қатынастан күш алыңыз. Осы айдың ұраны: «менің үйім – менің қамалым». Өз үйіңізде сенімді болғандай басқа еш жерде еркін сезіне алмайсыз.Сондықтан үй ішіне көңіл бөліп, тұрғын үйді жақсартып, интерьерді жаңартып, өзгерту енгізіңіз.
Шаян
Идеяларды іске асырыңыз. Ғаламшардың ықпалымен, наурызда ойшылдан әрекет адамына айналасыз. Айналадағы адамдары өз күштеріңізге сенімділікпен, табандылықпен таң қалдырыңыз. Наурыз – ірі жеңістер мен жетістіктер айы.
Арыстан
Ақшаңызды ақылмен жұмсаңыз. Осы айда жұлдыздар сізге көп мүмкіндік береді. Ең бастысы материалды жағдайыңызды реттеуге мүмкіндік бар.Егер бас күшіңізді салатын болсаңыз, керек ақша тез әрі оңай келетін болады. Бірақ ескеретін бір жайт ақша қалай те келсе солай тез кетеді. Отбасылық бюджетке аса мұқият болыңыз. 
Бикеш
Армандай біліңіз. Өйткені армандар расымен орындалады. Құрметті қыздар, наурыз – сіздердің айыңыз. Сізге күш, қуат, шабыт және ынта береді. Осы айда мақсатыңызға көтеретін баспалдақ лифтке айналады.
Таразы
Өзіңізбен өзіңіз болған уақыттан ләззат алыңыз. Наурыз айында достарыңызбен шулы отырыстарда болғаннан көрі, тыныштықты қалайсыз. Ойға, қиялға ерік беріңіз. Өзін-өзі дамыту бойынша әдебиеттер оқыңыз – және жан-жақты сұрақтарға жауап табасыз.
Сарышаян
Өмірдің сізге беріп жатқан нығметін алыңыз. Егер сіз өзіңіз туралы барлық жағдайды мәлімдегіңіз келсе, қазір дәл уақыт. Көп адамды мазалап жүрген сұрақты қоғамдық талқылауға ұсыныңыз. Олардың өмірін жақсартуға сізде мүмкіндік бар.
Мерген
Сәттілік серігіңіз болады. Наурыз айында «максимум бағдарламасын» орындау үшін айдың басында артық жүкті тастау қажет. Қоршаған ортаңызды тазалаңыз – пәтерде, жұмыс орнында қажетсіз заттардан құтылып, компьютерде пайдаланылмайтын папкаларды жойыңыз. Сонда сіздің «әуе шарыңыз» керемет биіктерге дейін ұшады.
Тауешкі
Қарым-қатынас шеңберін кеңейтіңіз. Айналаңызда әлемге ерекше көзқараспен қарайтын, өзгеше идеялы адамдар пайда болады. Олармен сөйлесудің бірегей мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Ал егер достасу мүмкіндігі туса, ең құнды көмбені таптым деп санаңыз. Бұл достық сіз тек пайдалы болмақ.
Суқұйғыш
Ішкі түйсігіңізге 100 пайыз сеніңіз. Наурыз айында жұлдыздардың сәтті орналасуының арқасында сіз адамдарды жақсы тани бастайсыз. Олардың өтініштерінің, кеңестерінің немесе ұсыныстарының артында шын мәнінде не тұрғанын түсіну үшін бір-екі сөйлесеңіз жеткілікті. Өз жақтастарыңызды дұрыс таңдаңдайсыз. Сонымен қатар кез келген мәселені шешуге көмектесуге дайын адамдарды табасыз.
Балықтар
Өміріңізде кездескен әр адамды ұстаздай қабылдаңыз. Өсу және ішкі трансформация үшін энергия қажет. Наурызда сіз оны аласыз. Планеталар сыртқы және ішкі өзгерістерге итермелейді. Сенімді болыңыз, сіз гүлдену жолында тұрсыз.
kyzylorda-news.kz
02 наурыз 2020 ж. 69 0

Руханият

Базарқожа әулие

Базарқожа әулие

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930